Түркістан облысында ауылдық жобаларға үш миллиард теңгеге жуық сома бөлінді

«Ауыл шаруашылығын қаржылау қолдау қоры» АҚ Түркістан облысында 2 млрд 970 млн теңгеге 564 ауылдық жобаны қаржыландырды. Несиелер ауылдық кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне, шару қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарға берілді, деп «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі.

Оның ішінде 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» бағдарламасы аясында – 1 млрд 936,3 млн теңгенің 433 жобасы қаржыландырылды. Айта кету керек, оның үштен бір бөлігі – «Бастау Бизнес» бағдарламасы қатысушыларынан түскен жобалар, ал 80 % – стартап-жобалар болып табылады.

Фото: пресс-служба АО «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства»
Фото: пресс-служба АО «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства»

Қордан несие алған азаматтардың бірі – Мақтаарал ауданының тұрғыны Мұрат Мейірманов. Ол бұрыннан жиһаз шығарумен айналысатын, бірақ мемлекеттің қолдауын пайдаланбаған. Өткен жылы жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, 2018 жылдың басында 4 миллион теңге несие алған. Қаражатты құрал-жабдықтар мен материалдарды сатып алуға жұмсады. Цехте отбасы мүшелерімен қатар тағы жеті адам жұмыс істейді. Материалдар Шымкенттен әкелініп, дайын тауарлар жеке дүкенде сатылады. Түскен табыс бизнесті әрі-қарай дамытуға және несиені өтеуге жеткілікті болып тұр, дейді кәсіп игесі.

Бүгінгі таңда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ келесі бағыттар бойынша несиелеуді жүргізеді: «Игілік» – мал мен құсты ұстау және көбейту, «Бірлік» – сүт қабылдау бекеттер жүйесін құру және дамыту, «Кәсіпкер» – ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес бизнес түрлерін дамыту, «Ырыс» – 50-10 ІҚМ басына арналған тауарлы сүт фермаларын құру және дамыту, «Егінжай» – көктемгі егіс және күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыру.

Биыл мал басын көбейту және ірі қара мал етін экспорттау көлемдерін арттыру үшін Қор жаңартылған «Сыбаға» бағдарламасын енгізді. Бұл бағыттағы қаржы ірі қара және ұсақ мүйізді аналық мал басын сатып алуға жұмсалады.

«Сыбаға» бойынша облыстық филиал тарапынан 565 млн теңгеге 36 жоба мақұлданған, – дейді Қордың облыстық филиалының директоры Ғалымжан Нұрлыбаев. – Бұл қаржыға жергілікті ұсақ мүйізді мал мен шетелден етті бағыттағы сиырлар сатып алынуда. Облыс бойынша жылдың соңына дейін мыңнан астам ірі қара әкелінеді.

Жалпы, барлық бағыттар бойынша ең жоғары кәсіпкерлік белсенділікті Сарыағаш ауданының тұрғындары көрсетуде. Бұл аудан бойынша 365 млн теңгеге 59 жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ, көшбасшылар қатарында – Ордабасы, Сайрам, Төлеби аудандарының кәсіпкерлері бар.

Ауылдық кәсіпкерлікті қаржыландыру Қордың өз қаржысы мен «Еңбек» бағдарламасының екінші транш аясындағы қаржы арқылы жалғасуда.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы