Татарстанда сауда-экономикалық миссия өтеді

24-26 сәуір аралығында Қазан қаласында «Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit-2019» ІХ Халықаралық экономикалық саммиті аясында қазақстандық кәсіпкерлердің сауда-экономикалық миссиясы өтеді, деп хабарлайды atameken.kz сайты.

Бұл саммит – Ресей Федерациясы және Ислам әлемі елдерінің өзара экономикалық қарым-қатынасының басты алаңы. Мәселен, былтыр саммитке әлемнің 53 елінен және Ресейдің 27 өңірінен 3000 адам қатысты.

Фото: kazansummit.ru
Фото: kazansummit.ru

 Қазақстандық делегациясының қатысушылары арасында алты түрлі саланың өкілдері бар.

 Өз өінімін Татарстанға экспорттаудан үлкен әлеует көріп отырған қатысушылардың бірі –  «SULU» және «TAZA» маркадағы халал сабындарды өндіруші компаниясы.

«Сабынымыз ресейлік басым өнімдер секілді малдың майларынан емес, өсімдік шикізатын өндіріледі. Өніміміз халал стандарттары бойынша сертификатталған. «Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit-2019» саммитінде өнімімізді бағалайтын сатып алушаларды табамыз деген ойдамын. Айта кетейік, сабындарымыз бағасы жағынан мал шикізатынан өндірілген сабындардан еш кем түспейді», – деді «Адал плэнт» ЖШС директоры Толқын Исабекова.

 «Адал плэнт» ЖШС Ресей Федерациясына – Дағыстанға халал сабындарды экспорттаған. Жалпы қазақстандық сабынды шығарушы өз өнімінің 10%-ын Ресейге сатпақ.

Татарстанға сауда-экономикалық миссияны «Атамекен» ҚР ҰКП Сыртқы сауда палатасы ұйымдастыруда.

 Қазақстандық делегацияның құрамы енді құралып жатыр. Сауда-экономикалық миссия шеңберінде қатысушылардың келесі шығындары өтеледі:

  • Сауда-экономикалық миссия өтетін жабдықталған мәжіліс-залын жалдау;
  • Сауда-экономикалық миссия өтетін күні кофе-брейк және түскі асты ұйымдастыру;
  • Қазақстандық қатысушылардың іс-шара өтетін елдегі орналасуы (әр кәсіпорыннан бір адамнан артық емес және сауда-экономикалық миссия өтетін ресми күндері ғана);
  • Қазақстандық қатысушылардың шет елдегі трансфері.

 Басқа шығындарды (ұшу, тәуліктің шығындар, т.б.) қатысушылар өздері көтереді.

Егер қазақстандық өндіруші болсаңыз және Ресейге өнімді экспорттауға қызығушылық танытсаңыз, онда сауда-экономикалық миссияға қатысуға мына сілтеме арқылы өтінім беріңіз.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 5 сәуірге дейін.

 Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: + 7 7172 279616 (ішкі: 215); ұялы телефон: +7 700 479 4466, немесе сұрақтарды:  n.mustafina@atameken.kz электронды поштаға жіберуге болады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы