Татарстанда сауда-экономикалық миссия өтеді
24-26 сәуір аралығында Қазан қаласында «Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit-2019» ІХ Халықаралық экономикалық саммиті аясында қазақстандық кәсіпкерлердің сауда-экономикалық миссиясы өтеді, деп хабарлайды atameken.kz сайты.
Бұл саммит – Ресей Федерациясы және Ислам әлемі елдерінің өзара экономикалық қарым-қатынасының басты алаңы. Мәселен, былтыр саммитке әлемнің 53 елінен және Ресейдің 27 өңірінен 3000 адам қатысты.

Қазақстандық делегациясының қатысушылары арасында алты түрлі саланың өкілдері бар.
Өз өінімін Татарстанға экспорттаудан үлкен әлеует көріп отырған қатысушылардың бірі – «SULU» және «TAZA» маркадағы халал сабындарды өндіруші компаниясы.
«Сабынымыз ресейлік басым өнімдер секілді малдың майларынан емес, өсімдік шикізатын өндіріледі. Өніміміз халал стандарттары бойынша сертификатталған. «Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit-2019» саммитінде өнімімізді бағалайтын сатып алушаларды табамыз деген ойдамын. Айта кетейік, сабындарымыз бағасы жағынан мал шикізатынан өндірілген сабындардан еш кем түспейді», – деді «Адал плэнт» ЖШС директоры Толқын Исабекова.
«Адал плэнт» ЖШС Ресей Федерациясына – Дағыстанға халал сабындарды экспорттаған. Жалпы қазақстандық сабынды шығарушы өз өнімінің 10%-ын Ресейге сатпақ.
Татарстанға сауда-экономикалық миссияны «Атамекен» ҚР ҰКП Сыртқы сауда палатасы ұйымдастыруда.
Қазақстандық делегацияның құрамы енді құралып жатыр. Сауда-экономикалық миссия шеңберінде қатысушылардың келесі шығындары өтеледі:
- Сауда-экономикалық миссия өтетін жабдықталған мәжіліс-залын жалдау;
- Сауда-экономикалық миссия өтетін күні кофе-брейк және түскі асты ұйымдастыру;
- Қазақстандық қатысушылардың іс-шара өтетін елдегі орналасуы (әр кәсіпорыннан бір адамнан артық емес және сауда-экономикалық миссия өтетін ресми күндері ғана);
- Қазақстандық қатысушылардың шет елдегі трансфері.
Басқа шығындарды (ұшу, тәуліктің шығындар, т.б.) қатысушылар өздері көтереді.
Егер қазақстандық өндіруші болсаңыз және Ресейге өнімді экспорттауға қызығушылық танытсаңыз, онда сауда-экономикалық миссияға қатысуға мына сілтеме арқылы өтінім беріңіз.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 5 сәуірге дейін.
Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: + 7 7172 279616 (ішкі: 215); ұялы телефон: +7 700 479 4466, немесе сұрақтарды: n.mustafina@atameken.kz электронды поштаға жіберуге болады.