Отандық фермерлер цифрлық технологияның арқасында 2 есе көп өнім алмақ

А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры Кенже Абдуллаев цифрлық технологияның арқасында биыл 2 есе көп өнім алатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ақмола облысының фермерлері, агрономдары мен БАҚ өкілдері нақты егіншіліктің озық инновациялық технологияларын қолданудың тиімділігімен танысты.

Фото: ©HansLinde / pixabay.com
Фото: ©HansLinde / pixabay.com

«Нақты егіншілік элементтерін енгізу фермерлерге өндірістің тиімділігін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Яғни, егістіктің электрондық карталары, ауа райы туралы нақты деректер, датчиктер және сенсорлар, космониторинг және басқа шешімдер. Осындай технологияларды енгізу, дақылдардың өнімділігін орташа есеппен 15% -ға арттырады. Біз биыл Шортанды ауданындағы А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының территориясынан 3 мың га жер бөліп, цифрлық жүйемен нақты егіншілікті жүзеге асырып жатырмыз. Ал қазір фермер, агроном, ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерінің басын қосып, нақты егіншіліктің жұмыс процесін көрсетудеміз», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Арман Евниев.

Ал А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры Кенже Абдуллаев орталықтың алқабында енгізілген жаңа технологиялар мен олардың тиімділігі жайында әңгімелеп берді.

«Біз мол өнімге қол жеткізу үшін бірнеше технологияны қолданамыз. Олар – бүркіп шашу, бұдан біз 30-40 пайызға дейін үнемдей аламыз. Одан кейін, тыңайтқыштарды қажетті жерлерге енгізу, бұл әдіс арқылы біз 15-20 пайызды үнемдеп отырмыз. Себебі бұрын тыңайтқышты толық көлемде сепсек, жаңа технология қай жерге азот, қай жерге фосфор жетпейтінін өзі анықтайтындықтан қажетті жерге ғана себетін болдық. Осы дифференциалды бөлудің арқасында тыңайтқышты 15-20 пайыз үнемдеп отырмыз. Тағы бір үлкен жетістік – өсімдікті қорғау. Бұл өте қымбат нәрсе. Өткен жылы орталығымыз өсімдік қорғауға 100 миллион теңгеге гербицид алған болатын. Ал биыл енді 60 млн теңгеге алып, 40 пайызын үнемдемекпіз. Бұның барлығы агрохимиялық талдауға байланысты. Егер бұрын біз дәстүрлі технология бойынша агрохимиялық талдауды 50 гектар жерге жасасақ, қазір біз 5 гектардан жасап отырмыз. Өткен жылы біздің орталық бойынша өнімділік 9,2 центнерді құраған. Осылайша, биыл осы нақты егіншіліктің арқасында 20 центнерден астам өнім аламыз деп жоспарлап отырмыз. Яғни, цифрлық технологияның арқасында 2 есе артық өнім алмақпыз. Қысқасы, ауыл шаруашылығы саласындағы жаңашылдықтар мол өнім алып, оның сапасын арттыруға және өз табыс көзімізді көбейтуге мүмкіндік беріп отыр. Цифрлық технологияның арқасында ауыл шаруашылығын жаңа рельске қоямыз деп сенемін», – деді Кенже Абдуллаев.

Сонымен қатар, А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған кезекті «Neo Nomad» іскерлік ойыны өтті. Ойынға фермерлік шаруашылықтардың 50-ден астам өкілі мен ғалымдар қатысты. Бұл іс-шарада мамандар бір-бірінен ақыл-кеңес алып қана қоймай, өз өнімдерін арттыру, оны цифрлық жүйеге көшірудің тиімділігі туралы тәжірибе алмасты. Ойын соңында жеңімпаздарға сертификат пен комбайн сатып алуға 1 млн теңгеге жеңілдік берілді.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы