Қызылорда облысында өсірілген қарбызға көршілес елдерден сұраныс жоғары

Тамылжыған тамыз айы бақша өнімдерінің балбырап піскен шағы. Жаз маусымы Сыр өңірі диқандары үшін олжалы болды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Фото: freeimages.com
Фото: freeimages.com

Әсіресе Жайылманың қарбызы жылдағы межесінен түскен жоқ. Ішкі нарықпен қатар экспортқа жол тартқан өнімнің сапасы мен бағасы қандай?

Жайылмалық диқандар биыл қарбызды жылыжайларға көшеттеп егіп, мол өнім алудың қамына ерте көктемнен бастап кірісті. Ал маусым айында дайын өнімді сата бастады.

Самалбек Қосанов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты:

– Топырақтың агрохимиялық анализін жасау арқылы осы фермерлерге көмектесіп, берілетін тыңайтқыштардың мөлшерін анықтап береміз. Соның арқасында осы фермерлер жақсы өнім алуға септігімізді тигіземіз. Отбасылық бизнесті дамыту, фермерлік шаруашылықты әрі қарай қолдау негізгі мақсаттарымыз осы.

Ерте піскен қарбыздың құны да қымбатырақ. Мәселен, жаздың алғашқы айында жайылмалықтар әр келісін 45 теңгеден сатса, қазір 20 теңгеге дейін арзандады. Өйткені барлық жерде бақша дақылдары пісіп, көл-көсір өнім нарыққа шықты.

Талғат Зейдалиев, жайылма ауылдық округінің әкімі:

– Орташа есеппен бір гектарға 100-110 мың теңгедей шығын кетеді. 1 гектардан орташа есеппен 30 тонна алады. Сол 30 тоннаны 20 теңгеге көбейтсеңіз 600 мың теңге, сонда ар жағындағы 400-500 мың теңге диқан қауымның өзінің еңбегіне жатады.

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

– Бақша өнімінің негізгі бөлігі жергілікті базарларға шығарылады. Әрине мұндағы баға алқап басындағыдай емес, екі есе қымбат. Тасымалдау құны мен делдалдардың үстемесі және өзге өңірлерден әкелінетін өнімнің бағасы да жергілікті нарыққа әсер ететіне сөзсіз.

Тіпті дәмді дақылға шетелден де сұраныс бар. Ресейдің Челябі, Тюмень, Курган, Магнитогорск өңірлерінен арнайы келіп, алқап басынан тонналап тиеп кетіп жатыр екен. Жайылмалықтар бүгінге дейін мың тонна өнімді экспорттап үлгеріпті.

 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы