Қостанай облысында егіс науқанына дайындық қарқын алды

Аймақ диқандары биыл 4 млн 700 мың гектар алқапқа дән себуді жоспарлап отыр. Соның 3,7 млн гектары бидайға бөлінген.

Қостанай облысында егіс науқанына дайындық қарқын алды. Аймақ диқандары биыл 4 млн 700 мың гектар алқапқа дән себуді жоспарлап отыр. Соның 3,7 млн гектары бидайға бөлінген.

Рустам Балтабеков жұмыс істейтін серіктестік – Әулиекөл ауданындағы ірі шаруашылықтардың бірі. Мұнда техника паркін жаңартуға баса мән берілген. Қуатты, заманауи кешендермен бірге еңбек өнімділігі артты. Қазіргі сәтте көлік-құрал жылдағы дәстүрмен егіс науқаны алдындағы тексерістен өткізіліп жатыр.

posevnaya-8383

Рустам Балтабеков, механизатор:

– Бүгін бірінші күн жұмысқа шықтық. Техника науқан кезінде сынбасын деп, сынақтан өткіздік.

Биыл әулиекөлдіктер 200 мың гектардан астам алқапқа бидай екпек. Оған қажет 28 мың тонна тұқым қазір диқандардың қолында. Әдеттегідей жанар-жағар майға мемлекет тарапынан жәрдем жасалған.

Жанат Шамшин, Әулиекөл аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы:

– Биыл бізге 322 мың тонна арзандатылған жанармай берілді. Литрін 126 теңгеден алдық. Қазіргі уақытта шаруалардың 97 пайызы келісімшарт жасасты.

Облыста биылғы науқанды өткізуге 71 мың тонна дизельді отын қарастырылған. Қазіргі сәтте бұл көлемнің 35 пайыздан астамы жеткізілді. Шаруаларды қолдау бірнеше қаржы институттары арқылы жүргізіледі.

Сәлімжан Есенаманов, облыстық АШБ бөлім басшысы:

– Несиелеуге жалпы құны 9,8 млрд теңге болатын 230 өтініш келіп түсті. Олардың тоқсаны қаралып, шаруашылықтарға 4,4 млрд теңге көлемінде қаражат берілді. Тұқым жағынан еш қиындық жоқ.

Қазір танаптарда ылғал жабу жұмыстары басталды. Биыл қостанайлық аргарийлер алқаптарды әртараптандырып, майлы дақылдардың үлесін көбейткен. Әзірлігін бекемдеген еңбеккерлер мамыр айының ортасына қарай жаппай дән себуге кіріспек. Авторлары: Абылай Мауданов, Ермек Мұхамедияров.

Дерек көзі: 24.kz

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы