«ҚазАгро» ұлттық холдингімен 2017 жылғы көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын қаржыландыру

2017 жылғы 11 сәуірдегі ОКҚ брифингтен ақпарат.

Биылғы жылы несиелеу механизмі Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен үйлесімін тапқан және егістік алаңдарын әртараптандыруға бағытталған. Бұл үшін ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін бірінші кезектегі тәртіппен 11 басым дақыл бойынша өтінімдер қабылданып, қаржыландыру жүзеге асырылады, олар: күнбағыс, рапс, зығыр, соя, арпа, қант қызылшасы, күріш, астық жүгерісі, мақта, сұлы, картоп.  1 сәуірден бастап барлық басқа дақылдар бойынша өтінімдер қабылданып, қаржыландыру жүзеге асырылады. Бұл туралы «ҚазАгро» Холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Мұхамадиева Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде хабарлады.

Ағымдағы жылдың наурыз айында Холдинг көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын қаржыландыру үшін 60 млрд теңге көлеміндегі жыл сайынғы бюджеттік қарыз қаражатын алды.

IMG_2676

Ауыл шаруашылығы министрлігімен белгіленген жоспарға сәйкес 567,7 мың гектар алаңдағы басым дақылдар қаржыландырылуы тиіс.  Келіп түскен өтінімдерге сәйкес, ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің рапс, зығыр, арпа және күріш егуге қызығушылықтары артып отырғаны байқалады. Сонымен бірге, тауар өндірушілердің 3 басым  дақылға деген белсенділігі төмен болуын атап өту қажет, бұл: қант қызылшасы, мақта және астық жүгерісі.  Аталған бағыттарды қаржыландыру жұмыстары қойылған жоспарға жеткенге дейін жалғасады.

Айгүл Мұхамадиеваның айтуы бойынша, ағымдағы жылы бюджеттен бөлінген ақша қаражаты тікелей Аграрлық несие корпорациясына түсті. Қаржыландыру үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:

  • екінші деңгейлі банктерді қорландыру арқылы – қарыз алушылар үшін соңғы пайыздық мөлшерлеме жылдық 5%-ды құрайды;
  • несие серіктестіктерін, аймақтық инвестициялық орталықтарды, шағын қаржы ұйымдарын қорландыру арқылы – ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін соңғы мөлшерлеме – жылдық 6%;
  • Корпорацияның жылдық 2%-бен екінші деңгейлі банктің кепілдігімен тікелей несиелеуі, ол ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін Банктің кепілдік құнын есепке алғанда шамамен жылдық 6%-ды құрайды.

Posevnaya-49343

«ҚазАгро» Холдингінің өкілі атап өткендей, ағымдағы жылы ауылшаруашылық кооперативтерін екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыру бағдарламасы жалғасады. Егер, 2015 жылы қаржыландыру екі кооперативтен басталса, 2016 жылы 10 кооператив қаржыландырылған, ал биылғы жылы 12 кооператив қаржыландыруға өтініш жасады.

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуға келісім-шарттар жасасу арқылы көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуді ынталандыруға қатысуын жалғастырады. Осылайша, ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің өнімдерін кепілдікпен өткізуін қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының желісі арқылы ағымдағы жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін техника сатып алуға  11,6 млрд теңге қаражат бағыттау жоспарланып отыр.

«ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы