«ҚазАгро» ұлттық холдингі әйелдердің ахуалы жөніндегі БҰҰ комиссиясының сессиясында

Ауылдық жерлердегі өнімді жұмыспен қамтылуды жоғарылату және  әйелдердің кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі Қазақстанмен жүргізілген іс-шараның дұрыстығы Әйелдер ахуалы жөніндегі БҰҰ комиссиясының 61-ші сессиясы барысында атап өтілді.  

Халықаралық форум шеңберінде өткен жоғары деңгейдегі «Ауыл әйелдерімен бірлесіп аштық пен кедейлікті жою үшін күштерін активтендіру» жөніндегі іс-шаралардың бірінде «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Мұхамадиева баяндама жасады.

Sessiya OON po polozheniyu zhenschiny

«ҚазАгроның» өкілі Холдингтің қызметінің маңызды бағыттарының бірі ретінде Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы әйелдердің кәсіпкерлігін дамыту туралы айтты. Оның келтірген статистикалық мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанның экономикасындағы әйелдердің көп бөлігі аграрлық салаға тиесілі. Ол гендерлік көзқарас жағынан экономиканың ең көпшілікке мәлім саласының үштігіне кіреді: экономикадағы жұмыс басты әйелдердің жалпы санының  17% -ы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді (сауда – 19%, білім саласында – 19%).

Өз баяндамасында А.Мұхамадиева ауыл шаруашылығындағы республика бойынша өзін жұмыспен қамтитын әйелдердің үлесінің жалпы санының шамамен 51%-ын ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін әйелдер құрайтынын атап өтті. Осылайша, егер басқа гендерлік-бағдарлы салаларда әйелдер негізінде жалдамалы жұмыскер болып табылса, аграрлық секторда олар өздері ауылшаруашылық өнімдерін шығарады, соның ішінде  – жеке қосалқы шаруашылықтарда.

Осыған байланысты, Үкіметпен қабылданған «ҚазАгро» холдингінің өкілінің айтуы бойынша  2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы  ауылдағы әйелдердің кәсіпкерлігін дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер береді. «ҚазАгро» холдингі», осы бағдарламаны ауылдық жерлерде іске асырушы ретінде әйелдердің кәсіпкерлігін дамытуға және ауылдағы әйелдердің ахуалын жақсартуға үлес қосады. Сонымен, 2016 жылы Холдингпен берілген қарыздың жалпы санының 36,6%-ы әйелдерге берілген (жыл сайын үлес 3-5%-ға өседі).

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлік негізіне оқуға «Бастау» бағдарламасы бойынша 2016 жылдың өзінде 180 адам оқытылды, оның 53%-ы әйелдер.

Өзінің баяндамасының соңында Айгүл Мұхамадиева ауылдағы әйелдердің кәсіпкерлігін дамыту мәселесінің жұмыссыздықты төмендету мақсатындағы маңыздылығын атап өтті және БҰҰ халықаралық деңгейде осы мәселені талқылауға берген мүмкіндігі үшін алғысын айтты.

Қазақстан Республикасының ресми делегациясы әйелдердің ахуалы жөніндегі БҰҰ комиссиясының 61-ші сессиясының жұмысына қатысатынын еске саламыз, ол осы күндері БҰҰ Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өтуде және әйелдердің еңбек саласындағы өзгеріс контексінде экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту тақырыбына арналған. Әйелдердің дискриминациясымен күресу және әйелдердің кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі тәжірибелерімен әлемнің 170-нен астам елінен келген қатысушылар бөліседі. «ҚазАгро» ұлттық холдингінің өкілі ҚР Ұлттық экономика  министрі, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясаты жөніндегі комитеттің мүшесі М. Әбілқасова бастаған делегацияның құрамына кіреді.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзінің құрылымына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерінің тиімді басқарылуын қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдингтің құрамына «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ және «ҚазАгроМаркетинг» АҚ кіреді.

«ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы