Балық шаруашылығының бағын жандыру қажет

Елімізде балық аулау құралдарын синтетикалық материалдардан жасауға және оны саудалауға заң жүзінде тиым салынбақ. Сапасыз қармаққа тосқауыл қойылса, су жәндіктерінің табиғи өсіміне жол ашылады.

Лимит 64 мың тонна

rybaШенділер балықтың жасан­ды өсімімен қатар оның табиғи түрде көбеюіне жағдай жасауға ден қойып отыр. Экономиканың әлеуметті саласына қан жүгірту жолында бірқатар құжаттар өзгерістермен «жарылқамақ». Оның ішінде сапасыз балық аулау құралдарына тосқауыл қою әрі тауарлық балық шаруашылығына жан бітіру межеленген. Жоспар бой­ынша сала жыл сайынғы мемлекет тік тапсырыстан да қалыс қалмайды. Оның негізінде резервтік су ай­дындарына 168 млн. данаға жуық құнды балық түрлерінің шабақтары жіберіледі. Оның 7 миллионын құрайтын бекіре тұқымдастар Каспий теңізіне бұйырады дейді атқамінерлер. Еліміздегі жануарлар дүниесін пайдаланушылар (олардың саны 400) да бұл бағытта тер төгеді. Олар артылған міндетке сәйкес бекітілген су айдында­рына жылда шамамен 800 млн. дана шабақ жібереді.

Бүгінгі таңда балықты тұтынатындардың қатары қалыңдап, сәйкесінше сұраныс та артудың жолына түсті. Су ай­дындарына қармақ салып, оны кірістің көзіне айналдырып, сауданың көрігін қыздырғандар аз емес. Олардың арасын­да заңсыз балық аулауға құныққандар шаш етектен. Балықтың өсімін молайту және сақтау мемлекет тарапынан қадағалауды қажет етеді. Бұл ретте еліміздің бас аграрийі жауаптыларға шүйлігіп, «көлеңкелі бизнеске» тосқауыл қойып, қадағалауды күшейту қажеттігін жүктеген.

Елімізде жылда балық ау­лау көлемі бекітіліп, шектеу қойылады. Биылғы белгіленген лимит 64 мың тоннаны құрап отыр.

Айылын жияр емес

Каспий теңізін есепке алмасақ, жалпы су айдындарының көлемі шамамен 3 млн га құрайды. Балық шаруашылығының қорына негізінен Каспий мен Арал теңіздерінің басым бөлігі, Балқаш пен Алакөл көлдері, Бұқтырма, Қапшағай мен Шардара су қоймалары кіреді. Жауапты мамандар олардың ахуалын бақылауды уысынан шығармауға тыры­сып бағуда. Десек те заңның ала жібін аттап, қитұрқы әрекеттерге бел буғандар да табылады. Биылғы сәуір ай­ынан қолға алынған «Бекіре» шарасы аясында 27 тонна­дан астам балық (оның 1 тон­насы бекіре тұқымдас), 18 келі қара уылдырық, 1200 аулау құралдары, 176 жүзу құралдары тіркіленген. Табиғатты қорғау заңбұзушылықтарының рес­ми статистикасы 226-ға жетіп үлгірді. Дені балықты заңсыз аулауға, сондай-ақ тасымалдауға әрі сатып алу мен саудалауға байланысты. Әшкереленген әрекет тер нәтижесінде 117 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сотқа жолданған істердің саны 50.

Өткен жылғы деректерді бағамдасақ,балықты заңсыз аулауға дәніккендермен күресті қамшылаған дұрыс. Себебі 979 құқық бұзушылыққа жол берілген. Әкімшілік жауап- кершілік бойынша 6764 хат­тама толтырылды. 50 адам сот арқылы өз жазасын алды. Заңға қол сілтеген пысықайлар 2 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді немесе 2 жылға бас бостандығынан айырылады. Егер табиғатқа келтірілген залал көлемді бол­са немесе сақшылар назарына ұйымдасқан топ іліксе, 5 жылға дейін еркіндігін шектеу жазасы қарастырылған.

– Жылда еліміз дің су қоймаларында браконьерлер­мен күресу үшін «Бекіре-2015» және «Уылдырық шашу» ша­ралары өткізіледі. Құқық және табиғат қорғау ведомство­лары бірлесіп, заңсыз балық аулаудың, сатып алу мен тасымалдаудың жолын бөгейді. Каспий теңізінің биологиялық қорын, әсіресе, бекіре тұқымдас балық түрлерін сақтауға аса мән берілген. Елбасы оныұтымды пайдалану мен сақтау мақсатында Каспийдегі бекіре балықтарын коммерциялық аулауға бес жылға мора­торий енгізудің тетігін әзірлеуді тапсырды. Өткен жылдың қыркүйек айында Астрахань қаласында Каспий маңындағы бес мемлекет осы келісімге қол қойды. Балық шаруашылығын одан әрі дамыту және қолданыстағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында министрлік «Қазақстан Республикасының кейбір заң намалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеуде», – деп мәселенің мәнісін Ауыл шаруашылығы вице- министрі Ерлан Нысанбаев баяндады.

Сапасыз қармаққа заң тосқауыл болмақ

f31fc12c3e53e1f20810198a9d77f640Кедендік Одақтың шеңберінде синтетикалық қармақтарды сырттан тасымалдауға тыйым салынған. Десек те оны елімізде жасауға еш шектеу жоқ.Оны тиімді пайдаланған пысықайлар бүгінде пайдасын айырып, сауда орындарын­да еркін сатуда. Ал қызығын татқан балық аулаушылар­базарларды жағалап, сапа­сыз балық аулау құралдарына қарық болуда. Оның кесірі балықтың көбеюіне кері әсер етіп, экологиялық қауіп төндіруі ықтимал деп мамандар дабыл қағып отыр. Әзірге қолдағы қордыіс жүзінде қорғау әрі сақтау үшін негізгі су айдын­дары жіті бақылауға алынған. Сүзгі жұмыстары арқылы бра­коньерлер құрған торлар мен аулар анықталады. «Қазіргі таңда инспекторлар айдындар­ды балық аулау құралдарынан тазартуға білек сыбанды. Биыл көктемде Іле өзенінде ұзын- дығы 28 шақырымды құрайтын сапасыз аулар алынды. Та- зарту науқаны еліміздің бар- лық өңірлерінде жүргізіледі. Оның арқасындабалық түр- лерін сақтауға және оның өсуіне септеседі, – деп күйінді шенеунік.

Енді сапасыз балық аулау құралдары мәселесіне нүкте қойылмақ. Министрлік оны жасауға және сатуға түбірімен балта шабатын талапты заң жүзінде бекітуді ұйғарды.

Тауарлы балық шаруашылығы назарда!

Әрбір адам бір жылда 14 келі балық тұтынуы тиіс. Дәрігерлердің тоқтамын орын­дау үшін өндірісті қамшылау қажет. Себебі біз әлі де сырт- қа тәуелдіміз. Елімізге балық өнімдері әлемнің 43 мемлекеттінен жеткізіледі.

Қолда бар деректерге сүйенсек, елімізде 35-ке жуық балық өсіру кәсіпорындары бар. Кәсіптің бұл түріне бет бұрғандарға елеулі жеңілдіктер қарастырылған. Агробизнес-2020 бойынша асыл тұқымды құнды балыққа демеуқаржы қарастырылған.

– Бүгінде жеке бизнестің тауарлық балық шаруашылығы саласындағы белсенділігі байқалады. 2014 жылы жеке кәсіпкерлік ішкі нарықты 800 тонна тауарлық балықпен қамтамасыз еткен. 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейін 1 млрд. 800 млн. теңге көлемінде жеңілдіктер қарастырылып отыр. Бекіре тұқымдас балық шаруашылығы қожалығының құрылысына кеткен шығынның 20%-ын өтейміз. Бұдан басқа бизнестің табысты дамуы үшін қымбат құрал-жабдықтар мен жем-азықты сатып алу­ды қаржыландыру мәселесін қарас тырудамыз. Бүгінде заңнамалық-құқықтық базаға өзгерістер енгізілмек», – деді Ерлан Нысанбаев.

Тауарлық балық шаруашылығы мемлекеттің «жылы алақанын» сезініп отыр. Бұл ретте биологиялық түрлі аква өсірудің тынысын кеңейтуге басымдық берілген. 2025 жылға дейін оның көлемін жы­лына 50 мың тоннаға жеткізу межеленген. Оның арқасында балық қоры жасанды түрде көбейтілмек. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі де арта түспек.

Жекешелендіру балық шаруашылығына да таяды

Қазіргі таңда елімізде жекешелендірудің екінші толқыны жүргізілуде. Оның шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігі жеті балық зауы- тының бесеуін жеке меншікке саудалауды ұйғарған. Бұл ретте шенеуніктер тиісті ведомствоға жекешелендіруден кейін аталған зауыттардың мәртебесін өзгертпеу ұсынысын жолдаған. Нәтижесінде вице-министр балықтың көлемі 2014 жылдың деңгейінде сақталып, кемінде үш жыл тер төккен мамандар мен жұмысшылар да өз орын­дарында қалатынына үміттеніп отыр. «Біз бәсекелестік ортаға, яғни нарыққа 5 тәлімбақты өткіземіз. Олар: Петропавл, Қапшағай, Майбалық, Қызылордадағы Қамыстыбас және Алматыдағы зауыт. Балық шаруашылығымен айналысу үшін айдындарды жалға алғанда өзен-көлдерді қалпына келтіру және мемлекеттік тапсырысты орындау үшін өндірістік қуаттылықтар әрі мүмкіндіктер де бар екеніне куә болып отырмыз. Келесі жылдан ба­стап аталған шаруашылықтар мемлекеттік тапсырысты алу үшін тендерларға қатысады», – деп мәселенің жай-жапсарын тергіштеді ол.

Венера Мұстафина

 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы