Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарынан құс еті мен жұмыртқаны әкелуге Қырғыз Республикасының енгізген шектеулері заңсыз
11.10.2018
3 070
Алматы облысында соңғы 10 жылда құс аурулары тіркелмеген. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында жарияланған құс Ньюкаслы індеті бойынша карантині 2018 жылғы 19 қыркүйекте алынды, деп ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Осыған байланысты, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарынан құс еті мен жұмыртқаны әкелуге Қырғыз Республикасының енгізген шектеулері заңсыз болып табылады.
Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік бойынша Мемлекеттік инспекциясына тиісті хат жолданды.