Ақмола облысындағы етті қайта өңдеу кешені өнімін Астанаға жөнелте бастады

Ақмола облысындағы етті қайта өңдеу кешені бар жаңа бордақылау алаңы өзінің алғашқы өнімін астаналық базарға жеткізе бастады. Кәсіпорынның ендігі жоспарында – көршілес Қытайдың нарығына етті экспортқа шығару. бұл жоба «ҚазАгро» ұлттық холдингінің 10 жылдығы және Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында іске асырылып отыр.

myaso_11

Ақмола облысының Ерейментау ауданында 3000 басқа арналған бордақылау алаңын және жылына 5000 тонна ет пен ет өнімдеріне арналған етті қайта өңдеу кешенін құру жөніндегі жобаның екінші кезеңі іске асырылды. Жалпы құны 1,5 млрд.теңгенің жобасы «ҚазАгро» ұлттық холдингінің құрылымындағы компания «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржылай қолдауымен «Жаңа-Береке» ШҚ іске асырылады. Кәсіпорын өндірістің толық циклын іске асырады: репродуктор – бордақылау алаңы – ет өңдеу кешені, ол қазақстанның сауда желілерін ет өнімдерімен жабдықтап қоймай, онымен экспорт нарықтарына шығуға мүмкіндік береді. Осы үшін кәсіпорынмен халықаралық стандарттарға сәйкестік сертификаты алынды.

«Жаңа-Береке» ШҚ директоры Айбек Қазыбеков айтып өткендей, «Жаңа-Береке» ШҚ бәсекеге қабілетті өнім жасауға мүмкіндік беретін өндірістің негізгі принципі – шалғайдағы мал шаруашылығы принципі. Шаруашылықта бағылатын қазақ ақбасты және қалмақ тұқымдары жергілікті жағдайларға жақсы бейімделген және ірі қара малдар қорада қамалып ұсталмайды, бұл жарты жыл ішінде малды жайлауда бағуға және жеке жайылымдардағы балауса шөптерді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, қызметі мен перспективалары жөнінде сөз қозғай келіп, «Жаңа-Береке» ШҚ басшысы «ҚазАгро» ұлттық холдингінің даму институттары – «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ тараптарынан өндіріске көрсетілген көмектің ерекше маңызды рөлін атап өтті. Қазыбековтың айтуынша, солардың көрсеткен қолдауының арқасында, жоба қажетті несие ресурстарын, лизингке жабдық мен ауыл шаруашылығы техникасын, сондай-ақ дер кезінде субсидия алды.

1364 бас ірі қара мал Қазақстан мен Ресейдің асыл тұқымды шаруашылықтарынан «ҚазАгроҚаржы» АҚ берілген қаражат есебінен сатып алынды. Бүгінгі таңда жеке малды қоса алғандағы ІҚМ жалпы саны 2 127 басты құрайды.

«Жаңа-Береке» ШҚ тұрақты негізде жобаны дамытуға қаражат салады. Малдарды зерттеу үшін мамандандырылған жабдықты сатып алу жүргізіледі, вакциналар, дәрумендер мен дәрі-дәрмектер, соның ішінде алып келінген малдың тұқымын жақсарту және бейімдеу үшін қажет заттар сатып алынады. Малдарды бағып күту үшін Қазақстанның барлық жерлерінен біліктілігі жоғары мамандарды іріктеу жүргізілді, Беларуссиядан мамандар тартылды. Ауылда шаруашылықтың мамандарына арналып 5 тұрғын үй салынды. Жалпы, аталған жобаны іске асыру маусымдық жұмысқа тәуелді емес 50-ден астам жаңа жұмыс орнын құруға ықпалын тигізді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі

Также читайте:

В Рудном начнут производить шубат и продавать мясо верблюдов

Мясо из стволовых клеток на продажу

Что должны знать «Мясные короли»

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы