Жасандысынан жақсы: Қазақстан Қытайға жұмыртқа экспорттамақ
Елімізде жылына 240 млн инкубациялық жұмыртқа шығарылуы мүмкін. Бұл ТМД аумағындағы бірегей жоба. Биыл 395 мың тонна тауық етіне сұраныс болады. Бұл былтырғыға қарағанда артық көрсеткіш. Қазір құс фабрикалары ЕАЭО елдерінен, соның ішінде Ресей мен Еуропадан жалпы құс басының 80% көлемінде асыл тұқымды инкубациялық жұмыртқа мен тәуліктік балапандарды импорттауға мәжбүр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.
Айта кетейін, елімізде жарты жыл болды, жұмыртқа бағытындағы өндірушілерге субсидия төленбейді. Бұл туралы құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов айтты. Бірақ бройлерлік құс фабрикалары сатылған өнім үшін мемлекеттік қолдау алып отыр. Жалпы инкубациялық жұмыртқаның құнын өндіруші белгілейді. Орташа алғанда өнімді 3-5 еуроға алуға болады. Бүгінде тағамдық жұмыртқа өндірушілер өнімін Ауғанстан, БАӘ, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей сынды елдерге ұсынуда. Болашақта тізімді Қытай толықтырады. Негізінен Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында ғана жұмыртқа өндірісі жолға қойылмаған.
Ең арзан өнім Алматыда сатылып жатыр. Мұндағы баға – 250 тг, Қостанайдан 10 дана жұмыртқаны 260 тг алуға болады. Өскеменде өнім бағасы 265 теңге. Ақтөбеден 280 тг дейін табуға болады, ал Павлодарда 20 тг қымбат. Талдықорғанда жұмыртқа бағасы 310 теңге болса, елордада 400 тг сатылып жатыр.