Жамбыл облысында егін жинау науқаны басталды

Жамбыл облысында егінге орақ түсті, деп хабарлайды Baq.kz. Биыл диханшылар гектарына 22-23 центнерден өнім алуда. Солардың бірі – «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-і.

«Луговой жылқы зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биыл 11 мың гектар алқапқа астық сепкен. Оның 4380 гектары күздік бидай және 7000 га жаздық арпа. Бүгінде орташа алқаптарда гектарына-22-23 центнерден өнім жиналуда.

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Қазір егін жинау науқанына 60-қа жуық ауылшаруашылық техникалары жұмылдырылған. Оның ішінде 13 «Джон-дир» комбайндары дән бастыруда. Айта кетейік, «Джон-дир» комбайндарының әрқайсысы күніне 70 гектардың астығын орып, бір тәулікте 800 гектар астықты жинауға қауқарлы.

Үстіміздегі жылы облыс бойынша 106,7 мың га алқапқа күздік бидай, 139 мың гектар жаздық арпа, 15 мың гектар дәндік жүгері, 2,2 мың гектар жаздық бидай, 9 мың гектар қант қызылшасы, 87,7 мың га астам майлы дақылдар, 36,8 мың га көкөніс және бақша дақылдары себілген. Ал 2016 жылы егіс алқаптарынан жиналған өнімнің орташа көрсеткіші-24 центнерді құраған болатын.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы