Суармалы судың тапшылығы фермерлерге қиындық тудыруы мүмкін

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов хабарлады. Оның айтуынша, 12,1 текше шақырым жер тұрақты суару аймағына жатады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Иллюстративное фото: ©АгроИнфо

– Оның ішінде 11,8 км3 4 оңтүстік облысқа тиесілі: 1,25 млн  га суармалы алаңы бар Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарына қарайды. Бұл суаруға арналған су тартудың 97%-ы және ел бойынша барлық суармалы алаңның 78%-ына, яғни 1,6 млн га жерге тең. Бұл ретте 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республика бойынша су үнемдеу технологияларымен қамтылған алаң 258 мың гектарды құрады. Оның ішінде оңтүстік өңірде 1,25 млн гектардың тек 5,4%-ы немесе 67,7 мың гектары ғана енгізілген, – деп атап өтті ведомство басшысы.  

Сонымен қатар ол былтыр оңтүстік өңірлерде бірқатар қиындықтар орын алғанын алға тартты. 

– Су аз болғанда 2021 жылғы вегетациялық кезең оңтүстік өңірлерде өте қиын өтті. Уақытылы қабылданған шаралардың нәтижесінде фермерлерді көп шығынсыз суармалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. Биылғы жылдың вегетациясы да қиын жағдайда өтеді, – деді ведомство басшысы. 

Еске сала кетейік, бұған дейін былтыр үш қалада сумен жабдықтау жақсартылғаны туралы жазған болатынбыз.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы