Қызылорда облысында Сырдария өзенінде су тапшылығы туындауы мүмкін

Сырдария өзеніндегі су тапшылығы биыл Қызылорда облысы диқандарына елеулі қиындық алып келуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: inform.kz

Осы мақсатта ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов еліміздің оңтүстік өңірлерін аралап, су шаруашылығының жай-күйімен танысты. Сыр өңіріне келген сапарында су мәселесіне байланысты ахуалды баяндап берді.

«Былтыр облыстың су шаруашылығындағы жағдай қиын жыл болды. Қазгидрометтің болжамы бойынша биылғы 1 ақпандағы жағдайы да көңіл көншітпейді. Өткен жылдан да қиын болуы мүмкін деген болжам бар. Атап өтсек, таулы жерлерде судың келуі 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40-50 пайызға дейін кем деп есептеліп отыр. Сырдарияға түсетін судың 90 пайызы Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан арқылы түседі. «Тоқтағұл» су қоймасында бүгінгі таңда 8,9 млрд. текше метр су бар. Ол өткен жылмен салыстырғанда 1,5 млрд текшем метрге кем», – деді С. Қожаниязов.

Мамандар «Шардара» су қоймасына вегетацияаралық кезеңінде өткен жылдың 1 қазанынан бастап осы жылдың 1 сәуіріне дейін 10,3 млрд.текше метр су келеді деп болжаған еді. Алайда, су болжамнан да кем түсіп отыр.

Осы жағдай жалғасатын болса, 10,3 млрд. текше метр судың орнына Шардараға 7,3 млрд текше метрге аз су келуі ықтимал. Қызылорда облысының егістік жерлері бар. Одан қалды Арал маңындағы көлдер жүйесі бәрі де «Шардараға» қарап тұр. Аталған су қоймасының сыйымдылығы – 5,2 млрд текше метр. Су қоймасына вегетациялық кезде су келмейтін болса жағдай өте күрделі болмақ. Барлық ауданда қиындық бар. Жаңақорған ауданындағы «Келінтөбе» магистралды каналын суландыру мәселесі туындаса, Шиеліде Қамысты каналында проблема бар. Былтыр насоспен магистральды суды қосымша беріп көрдік. Нәтижесі болды. Сол себепті бұл жұмыстарды жалғастырамыз. Сырдария мен Жалағаш ауданында да ондай мәселе жоқ. Екі ауданның әрқайсысында жылына 20 мың гектарға дейін күріш егіледі. Дегенмен, биыл онда күріш көлемін шектеуіміз керек деп ойлаймын. Себебі жақын орналасқан Қармақшы ауданына су жетпей, қиындық туғызады. Ал, өткен жылы Қармақшы ауданында Батыс Қармақшы қашыртқысынан Қурайлы каналына насос айдап көрдік. Биыл да сол жұмыстар жалғасын табады. Аз да болса Қармақшының жағдайы дұрысталады деген ойдамыз», – деді вице-министр.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы