Суармалы егістіктер қалпына келтіріледі

Еліміздегі ауылшаруашылық мақсаттағы жер учаскелерін тиімді түрде кәдеге жарату қажет. Егістіктердің өнімділігі мен құнарлығын арттыру үшін айналымдағы суармалы алқаптардың көлемін ұлғайтқан абзал. Бұл бағытта алдағы 5 жыл ішінде пайдаланылмаған 600 мың гектар суармалы жер қайта қолданысқа енгізілуі тиіс. Иесіз қалған учаскелерді қалпына келтіру жұмыстары 2017 жылдан бастап қолға алынбақ.

Межеленген 600 мың гектар бір кездері кәде­ге жаратылып, кейін иесіз қалған суармалы жер. Бүгінде бар гәп су жүйеле­рінің жарамсыздығына, тір­шілік нәрінің тартылмауы­на тіреледі. Оларды қалпы­на келтіру 4-5 жылдың еншісіндегі шаруа. Ауыл шаруашылығы министрлі­гі Су ресурстары жөніндегі комитеттің төрағасы Ислам Әбішевтің пікірі осыған саяды.

Орошение полей-2

– Пайдаланылмай жатқан 700 мың гектар суармалы жердің иесін анықтау жұмыстары қолға алынды. Түгендеу жұмыстарының нәтиже­сінде оның қожайыны табылса, біз суды тарта­тын егістік пайдаланыла ма? Инвестиция тартып, суармалы жерлер қалпы­на келтірілсе, олар тиімді қолданылады деген облыс әкімдіктерінің кепілде­ме хаттарын алдық. Әрбір аудан бойынша қалпы­на келтіруді талап ететін суармалы жерлердің көле­мі бойынша нақты мәлі­меттер бар. Енді оған жұм­салатын қаражат бойын­ша есеп-қисап жұмыстары жүргізілді, – деп ол қолға алынған жұмыстардың жай-жапсарын тергіштеді.

Атқамінерлердің есеп­теріне сәйкес суармалы жерлерді қалпына келті­руге 326 миллиард теңге көлемінде қаржы қажет. Қаржылық қысылтаяң кезеңде ел қазынасына сал­мақ салынбайды. Қыруар ақша халықаралық қаржы орталықтарынан тартыл­мақ. 600 мың гектар жер­дің 171 мыңы Ислам даму банкімен бірлесіп, қалпы­на келтіру жоспарланған. 246 мыңы Еуропалық қайта құру және даму, 191 мыңы Азия даму банктері арқылы қаржыландырылады. Орта есеппен бір гектар жер­ге 500 мың теңге жұмсал­мақ. «Шығынды есептеу үшін әрбір жобаны бөлек қарастыру қажет. Бұрын 600 гектардың барлығы суармалы жерлер ретінде пайдаланылған. Бірақ олар республикалық, коммунал­дық меншікте болмаған, сол күйі жергілікті шаруа қожалықтарының қара­мағында қалып қойған. Жер учаскелері 1990-2000 жыл­дары ұқыпты қолданыл­мады. Оның орнына судың деңгейін бұруға және көтеруге арналған метал­дардың барлығы кесіліп, ақшаға саудаланған. Кей­бір жерлерде ағаштың өсіп кетуі, лайға толуы іспет­ті тек механикалық таза­лау жұмыстары талап еті­леді. Оның әрбір гектарын қалпына келтіру үшін 40-50 мың теңге қажет. Ал күрде­лі жөндеу жұмыстарына жұмсалатын қаржы 1 мил­лион теңгеден асып кетуі мүмкін», – деп суару жүйе­лерін қалпына келтірудің ерекшеліктерін Ислам Әбі­шев жіпке тізді.

Бүгінде Ислам даму бан­кімен Алматы облысын­дағы 35 мың гектар жер­дегі су құрылымдарын қалпына келтіру туралы келісімшарт жасалды. Өзге қаржы институттарымен де қолға алынатын жұмыстар пысықталуда. Облыс әкім­діктерінен тиісті кепілде­мелер алынса, межелен­ген жұмыстар 2017 жыл­дың сәуір-мамыр айларын­да басталады. «Қазсушар» мекемесі халықаралық институттан несие алып, банктің шарттарына сәй­кес 20 жыл ішінде оны қай­тарамыз. Бұл диқандарға суды жеткізіп беру тари­фінің есебінен төленеді. Неліктен біз халықаралық институттарды таңдадық? Себебі олардың жылдық өтемақысы 3 пайыздан аспайды. Басқа кез келген банкте одан төмен деңгей­де қаржы алу екіталай»,- деп түйді ол.


1991 жылы елімізде 2 миллион 340 мың гектар суармалы жер кәдеге жаратылған. 2016 жылдың қаңтарындағы мәліметтерге сүйенсек, теңгерімде 2 миллион 80 мың гек­тар суармалы жер бар.

Венера Мұстафина

 14.11.2016 ж. жауап

Также читайте:

Инфографика: капельное орошение – прогрессивно и экономно

Капельное орошение: подходить с умом

КАПЕЛЬНОЕ ОРОШЕНИЕ словами руководителя, который не любит давать интервью

Экономящие воду технологии земледелия внедряют в АПК ученые Кызылорды

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каких специалистов не хватает на вашем сельхозпредприятии?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы