«Жеңілдетілген» ЖК-ге салық 25 ақпан кейін төлесе не болады ? Айыппұл қосыла ма?

Жауап.

2017 жылдың 25 жел­тоқсанында қабылданған №120-VІ жаңа Салық кодексіне сәйкес 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап әр айдың 25 күніне дейін жеңілдетілген деклара­ция бойынша арнайы тәртіппен салық төлеуші жеке кәсіпкерлер салықтың мынадай түрлерін өтейді:

1) жеке кәсіпкердің қызметкер- лердің табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы, төлем көзі­нен ұсталатын және кіріс бойын­ша салынатын салық;

2) жеке кәсіпкердің қызметке­рлердің табыстарынан сталатын міндетті зейнетақы жарналары;

3) жеке кәсіпкердің қызметке­рлердің табыстарынан ұстала­тын әлеуметтік аударымдар;

4) жеке кәсіпкердің қызметке­рлердің табыстарынан ұстала­тын міндетті әлеуметтік медици­налық ұсталымдар;

5) жеке кәсіпкердің пайдасы­на төлейтін міндетті зейнетақы жарналары;

6) жеке кәсіпкердің пайдасы­на төлейтін әлеуметтік аударым­дар.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің, 91, 92, 92-1 баптарына сәйкес (бұдан әрі – ҚР ӘҚБТК) жеке кәсіпкердің жоғарыда көрсетілген міндетте­рін уақтылы және толық орын­дамау не тиісінше орындамау- уақтылы және толық төлеу, мін­детті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар, мін­детті әлеуметтік медициналық аударымдарды төлемеу ескер­ту жасауға әкеп соғады. Осын­дай іс-әрекеттер бір жыл ішінде қайталанған жағдайда, орындал­маған немесе уақтылы орындал­маған міндеттемелері бойын­ша іс қозғалып, шағын кәсіпкер­лік субъектісі үшін айыппұл қарастырылған, айыппұл сомасы орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған міндеттемелер­дің 20% мөлшерінде.

ҚР ӘҚБТК-нің 279 бабына сәй­кес қызметкерлердің табысынан ұсталатын жеке табыс салығын уақытында төлемегені үшін салық міндеттемелерін орында­мағанына байланысты сомасы 20% мөлшерінде айыппұл салынады.

Жанна Батабаева

09.04.2018 ж. жауап

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Поделиться материалом
  • Опрос

    Каких специалистов не хватает на вашем сельхозпредприятии?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы