СҚО-да өлген құстардың өтемақысы төлене бастады
Солтүстік Қазақстан облысында өлген құстардың өтемақысы төлене бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алғашқы 15 адамның есепшотына 65 млн теңгеге жуық қаржы түседі. Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ мамандарының айтуынша, шығынға батқан өзге тұрғындар құжаттарын жинап тапсыруы тиіс. Ветеринария басқармасы берген соңғы мәліметтерге сәйкес, өңірде жұқпалы аурудан 200 мыңнан аса құс қырылып, 41 елді мекенде карантин жарияланды. Өткен аптада аурудың ошағы тағы 4 ауылдан шығып, құстарды жою жұмыстары жүріп жатыр.
Нұржан Шәріпов, Республикалық эпизоотияға қарсы жасақтың облыстық филиалының басшысы:
– Заңға сәйкес 10 күннің ішінде төлемақы төленуі керек. Екінші партиясы 107 адамға қазір комиссия қарап жатыр. Комиссия тексереді құжаттардың толықтығын. Сосын ол казначействоға өтеді.