СҚО-да 45 елді мекеннің жайылымы кеңейтілді

Солтүстік Қазақстан облысында иегерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Фото: freeimages.com

Президент тапсырмасына орай өңірде арнайы жоспар бекітілді. Осының арқасында былтыр аймақта 304 мың гектардан астам жер мемлекет қарамағына өткен. Олардың басым бөлігі жайылым. Жүргізілген тексеріс кезінде, бұл учаскелердің барлығы бірнеше жылдан бері тиісті мақсатқа пайдаланылмағандығы белгілі болды. Ал бұл жерлерді басып алып, қараусыз қалдырғандарға шектеу енгізілді. Олар енді үш жыл бойы жерді жалға алу конкурстарына қатыса алмайды. Атқарылған шаруалардың арқасында Аққайың, Жамбыл, Мамлют, Тайынша, Ақжар, Тимирязев сынды бірнеше аудандағы 45 елді мекенде жайылымдар ұлғайтылды. Бұл жұмыстар биыл да жалғаспақ.

Мейрам Меңдібаев, СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:

– Биылғы жылы тағы да жоспар құрып отырмыз. 330 мың гектарды қайтарып алуға. Сол үшін жұмыстарды жасап жатырмыз. Қазір жылдың басынан бастап, 14 мың гектар қайтарылып алынды. Ол жұмыс жалғасуда.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы