Шығысқазақстандық ветеринарлар еңбекақыларын ала алмай жүр

Шығыс Қазақстандағы ветеринарлар соңғы 3 айдың еңбекақысын ала алмай жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сурет: ашық дереккөздерден алынды

Сала 2020 жылдың қаңтар айынан бастап облыстық бюджеттен қаржыландыруға көшкен. Мамандарды еңбекақы ғана емес, материалдық-техникалық жағдай да алаңдатады. Өңірдегі шекаралық аудандардың бірі – Қотанқарағайға тілшіміз Олжас Керейхан арнайы барып, сала мамандарының қал-ахуалын көріп келді.

Олжас Керейхан, тілші:

– Белқарағай ауылдық округіне қарасты ветеринарлық тірек пунктінің меңгерушісі Сайран Оқасов өзі отыратын нысанның отымен кіріп, күлімен шығады. Ескі ғимарттың алқам-салқамы шыққан. Төбесі мен қабырғасы опырылып тұр. Дегенмен, 4 ауылдың малына вакцина жасап, қанын алып, сырға салып, сойылатын малға анықтама береді. Осы жұмыстың бәріне жауапты маман 60-70 мың шамасындағы еңбекақының уақытында берілмеуіне қынжылады.

Сайран Оқасов, Белқарағай ауылдық ветеринариялық бөлім меңгерушісі:

– Жалақымызға келсе, кішкене ұяттаумыз. Былтыр қараша айының жартысын төлеген. Былтыр аудандық бюджеттен облыстық бюджетке ауысқанымызда өзі 4 ай, мамыр айына дейін берілген жоқ. Сондай жағдаймен қарашаға жетіп ек, қарашадан кейін 50 мыңдай аударды да, жоқ болып қалды. Сүйіп ұнатқан жұмысымның беделі кетіп қалғанына өкінемін.

Беделі кетіп қалғанына өкінсе де, жұмысын тастағысы жоқ. Қотанқарғай аудандық ветеринария бөлімінде қазір 70-ке жуық маман істейді. Бірнеше айлап еңбекақының кешігуі мен материалдық жағдайдың нашарлығынан кейбір тәжірибелі мамандар жеке шаруашылықтарға кетіп жатыр. Солардың бірі – Аманжан Тоқтағанов.

Аманжан Тоқтағанов, шаруа қожалық ветеринары:

– Ал нағыз осы жұмысты істейтін мал дәрігерлерінің саны азғана-ақ. Жоқ. Өйткені еңбекақылары мардымсыз. Жұмысы ауыр. Малдан неше түрлі ауру жұқтыру қаупі бар. Бірақ мемлекет тарапынан ешқандай әлеуметтік сақтандыру жүргізілмейді.

Сақтандыру жүргізілмейтінін осы салаға жауапты басшылар да біледі. Ал еңбекақының уақытылы төленбеуін ауданнан облыстық бюджетке өтумен және пандемиямен байланыстарады.

Рақымғали Байгереев, «Қатонқарағай-вет» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны директоры:

– Көтерілген еңбекақымен істеп келдік қой. Бірақ та қараша, желтоқсан айларында қаражат қарастырылмай қалды. Өйткені бізге түсіндіргені «пандемияға байланысты» деді. Енді қолдырына ақпан айының басында алып қалуы мүмкін.

Жалпы облыста қазір 1500 маман жұмыс істейді. Көбісі зейнеткерлік жаста. Ал берекесі кеткен ветеринария саласына жастардың да келгісі жоқ.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы