ШҚО шаруаларына 19,1 мың тонна дизель отыны жөнелтілді

Шығыс Қазақстан облысының шаруаларына 19,1 мың тонна дизель отыны жөнелтілді. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің өңір тұрғындарымен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сурет: ашық дереккөздерден алынды

«Шығыс Қазақстан облысының шаруаларына көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы және тұрақты жүргізу үшін 20 мың тонна дизель отынын бөлу көзделген. Берілген өтінімдерге сәйкес шаруалардың атына дизель отынын тиеп-жөнелту көктемгі егіс жұмыстары кезеңінде бекітілген жоспардан 19,1 мың тонна дизель отыны жөнелтілді», – деді Алмасадам Сәтқалиев кездесуде сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ, облыс шаруаларының өтінімдері негізінде Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, егін жинау науқанына дизель отынын бөлу көлемі бекітілді, ол – 8,5 мың тонна.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы