Сапархан Омаров ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға шектеулерді алып тастау туралы бұйрыққа қол қойды

Осы жылдың 1 маусымынан бастап ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға барлық шектеулер алынып тасталады. Бұл туралы «АгроИнфо» АА ҚР АШМ баспасөз қызметіне сiлтемемен хабарлайды.

Иллюстративное фото: из открытых источников

ҚР Ауыл шаруашылығы мнистрлігінде ведомства басшысы бұйрықтарының әрекетін тоқтататын 2020 жылдың 2 сәуіріндегі №111 «Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды шығарудың кейбір мәселелері туралы» және 2020 жылдың 2 сәуіріндегі №123 «ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрықтарына өзгертулер енгізу туралы», 2020 жылдың 14 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды шығарудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік құқықтық акт әзірленді.

Экспорттық шектеулерді алып тастау туралы жаңа бұйрық 2020 жылдың 1 маусымынан бастап күшіне енеді. Құжат ҚР АШМ ресми сайтында жарияланған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуіне және Мемлекет басшысының ішкі нарықта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жетіспеушілігін болдырмау туралы бұйрығына байланысты, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік қауіпсіздігі себептері бойынша және егін жинау алдында жеткілікті қорды сақтау мақсатында ауылшаруашылық экспортын уақытша реттеуді енгізген болатын.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы