Парламент браконьерлікпен күресті күшейту нормаларын қарастырады

Қыркүйекте президенттің тапсырмасы бойынша әзірленген Қазақстандағы браконьерлікпен күресті күшейту жөніндегі заңнамаға түзетулерді Парламент қарауына енгізу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиев хабарлады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Фото: ©mohamed Hassan / pixabay.com
Фото: ©mohamed Hassan / pixabay.com

Министрліктің алқа мәжілісі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыруға арналды.

«Президент браконьерлік үшін жауапкершілікті қатаңдату жөнінде кідіріссіз шаралар қабылдауды тапсырды. Министрлік бұл бағытта жұмыс жүргізуде.

(…) Министрлік ҚР Бас прокуратурасымен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселесі жөніндегі заң жобасы шеңберінде браконьерлікпен күресті күшейту бойынша мәселені зерттеуде (шартты мерзімге тарту, бостандығын шектеу мен айыппұл салу мүмкіндігін қоспағанда). Бұл жерде қызметтік борышын орындау кезінде қорықшылардың немесе олардың жақындарының өміріне қастандық жасау мен күштеу бойынша санкция күшейтілді», – деді Мағзұм Мырзағалиев дүйсенбідегі алқа мәжілісінде.

Министрдің айтуынша, бұл ұсыныстар Бас прокуратураның жанындағы құқықтық саясат жөніндегі кеңесте қолдау тапқан.

«Мәжіліске заң жобасы осы айда енгізіледі», – деді министр.

Бұдан басқа, Сенаттың қарауында жатқан агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселесі жөніндегі заң жобасының шеңберінде браконьерлік мақсатта пайдаланылған қылмыс құралдарын міндетті түрде кәмпескелеуге қатысты түзетулер енгізіліп, бұл қылмыс үшін санкция қатаңдатылды. Өсімдік және жануарлар дүниесін қорғау бойынша қорықшылардың құқық бұзушыларды ұстау, жеткізу бойынша өкілеттілігін кеңейту нормалары көзделуде.

«Қорықшылар мен олардың отбасы мүшелерінің, оның ішінде қаза болған немесе қызметтік міндетін орындау кезінде жарақат алған жағдайдағы әлеуметтік кепілдіктері, сондай-ақ құқық қорғау органы қызметкерлеріне арналған өзге де жеңілдіктер пысықталуда», – деді ол.

Алқа мәжілісінде көтерілген мәселелердің қатарында жұртшылықтың министрлік қызметіне қатысуы, экология, су саласын жақсарту, экологиялық туризм мәселесі бар. Атап айтқанда, министрдің ақпараты бойынша, ведомствода қоғамдық кеңес құрылып, оның құрамына ведомство қызметіндегі маңызды мәселелерді қарауға қатысатын 22 бейкоммерциялық және коммерциялық ұйым өкілдері енді.

Экологиялық жағдайды жақсарту мәселесі бұл күнде қоғамның талқылауынан өтіп жатқан жаңа Экологиялық кодекс жобасында көрініс тапқан.

«Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтіліп, экологиялық тексеру жүргізу механизмі жетілдіріледі», – деді министр.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Что чаще всего воруют рабочие вашего сельхозпредприятия?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы