Орталық Азия мал дәрігерлері жануарлар денсаулығы жөніндегі деректерді талқыға салды

Әдетте мал аурулары туындайтын экожүйелер бірнеше елді бірдей қамтиды, ал олардың алдын алу, күресу мен жою шаралары мемлекеттер арасындағы үйлескен әрекеттестік пен әріптестік арқылы ғана табысқа жетері анық. Бір мемлекетте жайылған аурумен күрес кезіндегі нәтижелер басқа елдер үшін ұқсас жағдайлардың алдын алу мен оларға қарсы іс-қимыл қолдану мақсатында аса маңызды, «АгроИнфо» АА «ФАО-ның Орталық Азиядағы» баспасөз қызметіне сiлтемемен хабарлайды.

Фото: ©ФАО

Бұдан басқа, көршілес елдер кең географиялық стратегия аясында бірлесе әрекет еткенде патогенді жылдам анықтау, бақылау және жою мүмкіндіктері едәуір артады. Бұндай жағдайда мал ауруларының өндірушілер мен аймақтық нарықтарға тигізетін экономикалық әсері де бәсеңдейді.

Орталық Азия елдерін аурумен күрес стратегияларын жүзеге асыруда қолдау үшін, ФАО Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымымен (ДЖДСҰ/OIE) бірлесе отырып Ортаазиялық жануарлар денсаулығын қорғау желісінің (CAAHN) құрылуында көш бастады. Желі аймақтағы елдер, атап айтқанда, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан мен Өзбекстан үшін жануарлар денсаулығы мәселелері бойынша әріптестік және өзара ақпарат пен тәжірибе алмасуда қамқорлық міндет атқаратын болады.

Бүгін ФАО мен ДЖДСҰ/OIE бірлесе ұйымдастырған вебинарда мемлекеттер жануарлар денсаулығын сақтаудағы аймақтық тәсілдемені деректерді жинау, алмасу, сараптау және карталар мен графиктер көмегімен көрсету тарапынан талқыға салды. Бүгінгі күні барлық күш Орталық Азия мемлекеттері үшін өзекті болып саналатын сарып (бруцеллез) жайлы дерек жинауға жұмылдырылмақ. Дерек әрбір 3 ай сайын жиналатын болады.

ФАО, сонымен қатар, жануарлар денсаулығы туралы деректерді бірлесе пайдалану мен визуалды көрсетуге арналған CAAHN үшін құрастырылған тұғырнаманы да таныстырды. Мемлекеттер тоқсандық есептердің өңделуі мен сарапталуы, және аталмыш есептерді 2020 жылдың екінші тоқсанынан бастап деректер базасына жүктеуді үйренді. ДЖДСҰ/OIE Жануарлар денсаулығы жөніндегі дүниежүзілік ақпараттық жүйенің (WAHIS) жоспарланған өзгертулері туралы ақпаратпен бөлісті. Өзгертулердің қатарында – 2021 жылдың басына қарай енгізілетін аймақтық модульдер. Болашақта аймақ үшін маңызды басқа да аурулар жайлы дерек жинауды кеңейтуге бағытталған бұл әріптестік деректерді орталықтандыру және оларды сараптау мен визуалды көрсетуді жеңілдету үшін сенімді веб-тұғырнаманы қажет етеді.

Жануарлар денсаулығын сақтаудың жергілікті желілері аймақта жұмыс жасайтын мамандардың мықты техникалық әлеуетін, құзыретін, көшбасшылығы мен сыни жиынтығын қалыптастыру тірегін ұсынады. Жануарлар денсаулығын сақтаудың аймақтық желісі келесі мақсаттарға жету үшін күш жұмылдырмақ:
1) ақпарат пен тәжірибе алмасу; 2) лабораториялық, далалық алдын алу/бақылау, пайдаланылмалы, коммуникациялық және басқа да рәсімдерді стандарттау; 3) саясат пен тәсілдемелерді үйлестіру;
4) олқылықтар, кемшіліктер мен басымдықтарды анықтау; 5) білім беру, әлеуетті ұлғайту арқылы аталмыш олқылықтардың орнын толтыру. Бұл ветеринариялық қызмет арасындағы әріптестікті кеңейту, маман алмасу, оқыту мен әлеуетті ұлғайту, сақиналық тәжірибелер жүргізу, бірлескен жұмыс жоспарларын құру және белгілі бір ауру/тақырып аясында құрылған суб-желілерді тиімді басқару арқылы жүзеге асырылады.

Биыл күзде Қырғызстанда өтетін CAAHN жылсайынғы жиналысына желіге мүше елдер қатысып, приоритетті аурулардың алдын алу, лабораториялық дианостика мен бақылау стратегиялары, сондай-ақ олардың халықаралық ұсынымдармен үйлесуін талқыға салады. Бұдан басқа, мемлекеттер, ФАО және ДЖДСҰ/OIE арасындағы Әріптестіктің басқа құралдары арасында деректер алмасу мәселелері жөніндегі өзара түсіністік меморандумы алдағы айларда қол қоюға дайын.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы