Қызылорда облысындағы ауыл тұрғындары уран аралас су ішіп отыр

Радиоактивті, ең зиян элементтер ауылдағы ағайынның асына неге араласып кетті?

Сурет: ашық дереккөздерден алынды

Су орнына – у. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Байкенже ауылының тұрғындары басқа-басқа емес, уранның уыты жайылған тіршілік нәрін тұтынуға мәжбүр. Мың жарым халқы бар ауыл отыз жылдан бері таза ауыз суға зәру. Мемлекеттік бағдарлама аясында қосылуға тиіс су торабы бірнеше жылдан бері бекерге тұр. Радиоактивті, ең зиян элементтер ауылдағы ағайынның асына неге араласып кетті?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

“Мынау фильтрі. Он литрлік бочкасы бар, толып тұрады. Балалар ауыз суға, шәйға, тамаққа осы жерден ішеміз”.

Байкенже ауылының тұрғыны Балтабай Серкінбайұлы соңғы алты айдан бері ауыз суды сүзіп ішіп келеді. Ақсақал отбасының амандығы үшін су фильтрін орнатуға мәжбүр болдым дейді. Себебі тіршілік нәрін ішуден тіпті жануарлар да бас тартады екен. Ауыз судың сапасына ауылдан бір жарым шақырым жердегі уран өндірісі әсер етсе керек.

Балтабай Серкінбайұлы, Байкенже ауылының тұрғыны:

“Мына жерде 700 метрден уран қазып, кислота жіберіп жатыр. Біз 700 метрден осыны ішіп отырмыз. Суымыздың барлығы тасымал. Мына көшемізде трубасын барлығын әкеліп қойды. Анау шлангасы тұр, крайнигін барлығын орнатып қойдық. Бірақ біржарым жылдан асты, ешқандай суы жоқ. Енді өстіп күн көріп жатырмыз, мына суды көріп отырсыздар беті қаймақтанып тұр”.

Жергілікті билік өкілдері мемлекеттік бағдарлама аясында әрбір үйге ауыз су тартып береміз деп уәде беріпті. Бірақ басталған жұмыс аяқсыз қалыпты.

Таубай Төрениязұлы, Байкенже ауылының тұрғыны:

“Бесарық су торабы трубалары барлығы келіп тұр. Ал бірақ қосылмай жатыр. Әкімдерге талай есебінде айтқан болатынбыз. Бірақ, әкімдер ауысып кетіп, іске аспай жатыр. Биыл жаңа жылда беріледі деген, бұрынғы мердігер қаржыны жымқырып кетіп, сотты болып жатыр жаңа мердігер жаңа жылда қосады деп еді ол да қоспай жатыр”.

Мердігердің уәде бергенін ауыл әкімдігіндегілер де растап отыр. Бірақ судың әлі күнге дейін неге берілмей отырғанын дөп басып айта алмады.

Қайрат Зейдалиев, Байкенже ауылдық округы әкімінің бас маманы:

“Алдында уәде берілген, дұрыс па? Су биыл кіреді деген, қалай болғанда да суды биыл крігіземіз деген. Халықты қаматамасыз еметіз деп айтылған баста. Білмеймін ғой, не болғанын аяқ асты ол су әлі келген жоқ. Суды көрдіңіздер барып. Су ағып тұр, бірақ ол су жарамды ма жарамды емес па білмейміз”.

“Бұл Жаңақорған ауданы Байкенже ауылындағы жалғыз су құбыры. Өздеріңіз байқап тұрғандай тіршілік нәрін тұрғындар осы жерден алуға мәжбүр. Тұрғындарың айтуы бойынша осы үшін олар 60 теңгеден адам басына төлейді екен. Жағдайы бар жандар ауылдағы үйлеріне су резервуарларын да орнатып үлгірген. Ал жағдайы жоқтар мінекей былайынша баклажкамен арбамен су тасуға мәжбүр”.

Уран өндіретін өндіріс орны бұл жерде 15 жылдан бері жұмыс жасап келеді екен. Эколог мамандардың айтуынша халықтың талап арызына сәйкес бірнеше мәрте тексеру жұмыстары жүргізіліпті. Кемшіліктер де анықталған екен.

Марат Құрманбаев, Қызылорда облыстық Экология департаментінің басшысы:

“Әрине тексеру кезінде заң бұзушылықтар анықталып отырады. Мысалы, көптеген жағдайларда осы кислотовоз дейді тасылмалдайтын көліктердің аварияға ұшырауы, сөйтіп жерді бүлдіруі және өнідіріс цехының басындағы мына трубалардың тозуынан тамшылап мына кислота мен химиялық заттардың жердің бетін ластау деректері анықталады. Бұл жөнінде хаттар жазып, тиісті айыппұлдар салынып, оны жою жөнінде амалдары заңмен қарастырылып, талап етіледі”.

Тұрғындардың өндіріс орны жұмысына көңілдері толмайтынын түсінген эклоготар уран өнідіріп жатқан компаниямен меморандумға да отырыпты. Биылғы жылы тәуелсіз сарапшылар, ауыл тұрғындары және экология департаментінің мамандардан құрылған топ өнідірістің қоршаған ортаға келтіріп жатқан кесірін тағы зерттейтін көрінеді. Осыдан кейін бұл нысанның әрі қарай жабылу жабылмау мәселесі қаралмақ.

Дереккөзі: zakon.kz

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы