Қызылорда облысында егін алқаптарын ғарыштан зерделеу қолға алынбақ

Биылғы егін маусымында Сыр диқандары су тапшылығын қатты сезінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Фото: pixabay.com

Ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру, су арналарын тазалау, гидронысандарды жөндеудің маңызы айтарлықтай арта түсті. Егіннің қамын ерте ойланаған шаруашылықтар қазірден-ақ су жолдарын тазалауға кіріскен. Мамандар да қол қусырып отырған жоқ. Өткен жылғыдай күріш көлемі шамадан асып кетпеуі үшін ғалымдармен бірге ғарыштық зерделеуді қолға алмақ.

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

– Күрішпен аты шыққан Сыр диқандары ауыспалы егістік талаптарын сақтау үшін түрлі тәжірибелер жасап көруде. Өңірге жерсінеді-ау деген соя, жүгері, бидайдың бірнеше сортын сынақтан өткізіп жатыр. Басты мақсат – су тапшылығы кезінде тығырықтан шығудың тиімді жолын табу.

Әліби Бекжанов, шаруа қожалық төрағасы:

– Тіптен мына ертең су мүлдем болмай қалған жағдайда қалай біз тіршілік жасаймыз? Қарамағымызда 100 шақты адамымыз бар. Қарызға алынған техникамыз бар. Олардың бәрін біз қалай жабамыз? Біз күні-түні соны ойлап жатамыз, қайткенде осы шаруашылықты алып шығамыз. Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарының жері сортаңдау болып келеді. Оны біз де тәжірибе жасап көрдік. Соя егіп жатырмыз, Қармақшы тиімсіздеу болып тұр, шығымдылығы аз деп. Қауын да егіп көрдік, картоп та егіп көрдік, біздің жер шамалы қаттылау.

Бүгінде облыс бойынша 120 мың текше метрден астам шаруашылық су арналары тазартылған. Бұл биылға межеленген жоспардың 70%-ін құрайды. Қалған жұмыстар келесі егін маусымына дейін жалғаса бермек. Дегенмен, күріш шаруашылығын зерттеуші ғалымдар бар суды ысырапсыз пайдалану үшін ғарыштық зерделеуді қолға алудың маңыздылығын алға тартып отыр.

Нұрбол Аппазов, Қазақ күріш ҒЗИ директорының орынбасары:

– Бұл космостық зерттеулер арқылы біз күріштің дұрыс суарылуы, яғни биік жерде орналасқан жерлерге судың дұрыс бармауы, төмен жерде судың көп кетуі, бос атыздарда судың пайдаланылуы, судың кетіп қалу жағдайлары бізде байқалып жатыр. Егер осылардың барлығын дұрыс жүйелеп, космостық зерттеулер нәтижелерін қарайтын болсақ, суды едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді.

Ғалымдар болашақта 8 танаптық ауыспалы егістің тек 25%-іне ғана күріш егу әдісін қолға алған маңызды екенін айтады.

«Оған қоса, ерте пісетін күріш сорттарын егу, гидронысандарды жаңғырту, егін алқаптарының тегістігін сақтау тұрғысындағы соңғы технологияларды қолдану арқылы егінге жұмсалатын су көлемін еселеп азайтуға болады», – дейді мамандар.

Мәселен, қазір күріштің әр гектарына шамамен 27-29 мың текше метр су жұмсалатын болса, аталған агроталаптар толық енгізілген жағдайда бұл шығынды 18 мың текше метрге дейін қысқартуға мүмкіндік бар екен.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы