Қолдан ұрықтандыру әдістемесін үй шарушылықтарындағы аналық малдарға пайдаланудың тиімділігі

Үй шарушылықтарындағы аналық малдарды қолдан ұрықтандыру оң және теріс жақтары мақаласына орай

Сурет: «Асыл Түлik» АҚ

Қазіргі уақытта ел тұрғындарының 41%-дан астамы ауылда тұрады және осы тұрғындардың едәуір бөлігі өзін-өзі жұмыспен қамтыған. Статистикалық мәліметтерге сәйкес жеке үй шарушылықтарындағы мал шаруашылығының өнімі еліміздегі жалпы мал шаруашылығы өнімінің шамамен 69% құрайды. Ауыл шаруашылығы малдарының шамамен 60% және жылына өндірілетін сүттің 74%, еттің 64% үй шаруашылығының үлесінде.

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге жеке үй шаруашылығының қосатын үлесі орасан зор, дегенмен оларды мемлекет трапыннан қолдау әліде жеткіліксіз.

2001 жылдан 2018 жылға дейін мемлекет жеке үй шаруашылығындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтерді субсидиялады. 2018 жылдан бастап олар тек сүт және сүт-ет бағытындағы шаруа (фермер) қожалықтары мен ауыл шаруашылық кооперативтеріндегі (АШК) ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру қызметін субсидиялай бастады.

Селекциялық-асылдандыру жұмыстарын жүргізу, тұқымдық түрлендіру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылық кооперативтері табынға тек қана етті және етті-сүтті бағыттағы шілде айында 12 айдан асқан бұқашықтарды пайдалынған жағдайда табындағы әр аналық мал басы үшін 10 мың теңге, (25 сиырға 1 бұқа) және бұқашықтарды жалға беруші (арендодатель) шаруашылық табынға қосылған асыл тұқымды бұқашықтарды баққанына жылына әр басына 100 мың тенге мөлшерінде субсидияланады.

Тұқымдық түрлендіру шеңберінде етті және етті-сүтті бағыттағы ірі қара тұқымдарының бұқашықтарын қолдану арқылы, халықта «жалқау мал шаруашылығы» деп аталып кеткен бағдарлама еліміздің ет өнімділігін арттыру мақсатында және ауыл тұрғыны үшін экономикалық тұрғыдан тиімдіме?

Өздеріңіз білетіндей бір сүтті сиыр бір отбасын асырайды , және осы сүттен және сүт өнімдерінен түсетін күнделікті табысқа байланысты, ауыл тұрғындары сүтті мал өсіруді жөн көреді, ал одан алынған төлді сатуға немесе союға пайдаланады. Бұл ауылдық өмір салты.
Тұқымдарды түрлендіру бағдарламасына сәйкес, жекеменшік саланың сауын сиырлары арасында етті бұқаларды пайдалану ауылдық жерлерде сүтті ірі қара малдың азаюына және сәйкесінше республикада сүт өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары үшін шикізат өндірісінің төмендеуіне әкеледі.

Ауыл тұрғындарына сауын сиырларды ұстау күнделікті сүт сату арқылы қосымша, кейбір отбасыларында негізгі табыс көзіне айналды. Осылайша, ауыл тұрғынының өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етуі оларды табыспен қамтамасыз етті. Етті ірі қара өсіру кезінде табыс жылына бір рет қана болатыны белгілі. Тек қана етті бағыттағы малды асырау жыл бойына біркелкі кірісті қамтамасыз ете алмайды. Бұл бағдарлама бүгінгі күні ауылдың өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарының онсыз да төмен табысының төмендеуіне әкелді.

Кеңес Одағы кезінде және қазіргі уақытта да ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі – сүт сатудан түскен қаражат. Осы жылдар ішінде қалыптасқан жағдайды жойып, біз халықтың ауылдан кетуін ынталандырмаймыз ба?

Бұл тенденция қазірдің өзінде байқалуда.

Жеке үй шаруашылығындағы малдың үлкен әлеуетін тиімді пайдалану үшін (малдың 60%-дан астамы) оның өнімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдаған жөн. Оларды жетілдірудің тиімді және қол жетімді әдістерінің бірі – ауыл шаруашылық малдарын оның ішінде ірі қараның аналық малдарын асыл тұкымды сүт бағыттағы бұкалардың ұрығымен қолдан ұрықтандыру. Қолдан ұрықтандыруды қолдану мультипликативті әсер ететіндігін бәрі біледі.

Сурет: «Асыл Түлik» АҚ

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты А.Қ. Күрішбаевтің көтеріп отырған мәселесі маңызды және уақытылы. Ол Үкімет басшылығына жеке шаруашылықтағы сиырларды қолдан ұрықтандыру технологияларын кеңінен қолдану жеке үй телімдерінде ірі қара малдың сүт өндірісінің өсуін қамтамасыз ететіндігін хабарлады.

Жануарлардың жұқпалы ауруларының алдын алуда жануарларды қолдан ұрықтандырудың ерекше рөлін атап өткен жөн. Қолдан ұрықтандыру аналық малдардың бұқалармен жұптасқан кезде жұғатын жыныстық ауруларды болдырмайды. Бұл аурулар: бруцеллез, хламидиоз, вибриоз, лейкемия, сонымен қатар бедеулікке әкелетін, мал үшін де адамдар үшін де қауіпті зоонозды инфекциялар. Соңғы жылдары жоспарлы диагностикалық зерттеулер жүргізіліп, малдарда бруцеллез ауруы көбейіп жатқаны анықталуда, көптеген малдар бекерге арзан бағамен қайта өңдеу зауыттарына жіберілуде.
Қазіргі кезде, халықтың малын қолдан ұрықтандыруды, сондай-ақ бұл іске сүт жинайтын ауылшаруашылық кооперативтерінің араласуын ынталандырған жөн болар еді. Қоғамдық табында және кооперативтерде бұқаларды пайдалануды болдырмау үшін, ауыл әкімшіліктері арқылы қолдан ұрықтандыру әдістерін жандандыру қажет.

Бұл жұмысты қолға алмайынша тұрғындардың малдарының денсаулығын жұқпалы аурулардан жақсарту және жеке қосалқы шаруашылықта малдың өнімділігін арттыру нәтижелеріне жақын арада қол жеткізілмейді. Сонымен қатар импортталған асыл тұқымды материалды пайдаланудың өсуі байқалады. Бұл тенденция генетикалық сипаттағы тәуекелдерді де тудырады. Тұқым қуалайтын ауытқулар мен ақауларды болдырмауға арналған тексеруден өтпеген импортталған тұқым кейіннен шаруа қожалықтарына орасан зор экономикалық зиян келтіреді.

Мысалы, артрогриппос, өлі туылу және аборт, ерте және кеш спастикалық парез, BLAD / лейкоциттердің адгезиясының болмауы /, CVM / омыртқаның күрделі ақаулығы /, контрактура арахнодактилия, олимелия, тератомалар, липомалар, химеризм және басқалары сияқты аурулар бүкіл әлемге таралуда.

Бізге белгісіз аурулардың таралуын болдырмау үшін шетелден әкелінген асыл тұқымды материалдардың әрбір партиясы (тұқым, эмбриондар) белгілі аномалияларды бақылау және алдын-алу үшін генетикалық-молекулалық-сараптама жүргізетін отандық зертханалардан тексерілуі қажет, импорт кезінде генетикалық ақаулар оларды тексеруден әлдеқайда қымбат.

Депутат А. К. Күрішбаев атап өткендей бұл экзотикалық ауруларды әкелудің ащы тәжірибесі. «Сиыр етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы аясында мал импортымен бірге келіп жатқан белгісіз аурулардан сақтануымыз қажет.

Бошымов Б. С. АҚ «Асыл Түлik»
стратегия, сату және өндіру бөлімінің басшысы

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы