Қазақстанда 50,7 млн тонна жем дайындау жоспарлануда

Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жем-шөп өндірісін дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Фото: @kaz.agro.blog

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 31,6 млн тонна көлемінде шөп немесе бір жарым жылдық жоспардың 85,3%-ы, 1,8 млн тонна пішен немесе жылдық жоспардың 107,6%-ы, 1988,2 мың тонна ақырғы жем, 1304,2 мың тонна сүрлем және 2445,1 млн тонна сабан дайындалды.

Жемшөп дақылдары үшін суармалы жерлердің алаңдарын кеңейту, жемшөп дақылдарының тұқым шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, жайылымдық жерлердің өнімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау мақсатында ведомство жемшөп өндірісін дамытудың Жол картасын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізуде.

Ағымдағы жылы өңірлердің деректері бойынша жемшөп дақылдарының егістік алқаптары 3,2 млн гектардан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 83,5 мың гектарға артық. Бұл ретте егістікке орналастырылатын жемшөп үлесі шамамен 14% – құрады (2023 жылы-13%).

24,5 млн тонна шөп (бір жарым жылдық – 36,7 млн тонна), пішен – 1,7 млн тонна, сабан – 4,6 млн тонна, концкорм – 5,5 млн тонна және сүрлем – 2,0 млн тонна дайындау жоспарланған.

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 31,6 млн.тонна көлемінде шөп немесе бір жарым жылдық жоспардан 85,3%, 1,8 млн. тонна пішен немесе жылдық жоспардан 107,6%, 1988,2 мың тонна (35,7%) ақырғы Жем, 1304,2 мың тонна сүрлем (64,2%) және 2445,1 млн тонна сабан (52,6%) дайындалды).

Жалпы, Қазақстанда жемшөппен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты деп болжануда.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы