Қарағанды облысында жемшөп дайындау мәселесі қалай шешімін табады

Қарағанды облысында малшыларға қыс мезгіліне 2,2 млн тонна шөп дайындау қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сурет: ашық дереккөздерден алынды

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Санаубаров аппарат жиналысында жұмыс қалай жүріп жатқанын және фермерлерге қандай қолдау көрсетілетінін айтып берді.

«Аудан әкімдіктерінің деректері бойынша бүгінгі күні 312,6 мың тонна шөп дайындалды. Жұмыс жоспарына сәйкес жемшөп дайындауды 1 қазанға дейін аяқтау қажет. Техника жеткілікті. Ауыл шаруашылығы министрлігіне шөп шабу жұмыстары үшін арзандатылған дизель отынын қосымша бөлуге өтінім жолданды. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне мемлекеттік жер беріледі», – деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, шөп бағасының көтерілуіне жол бермеу туралы меморандумға қол қою жоспарланған.

Сондай-ақ, шөпті аймақтан тыс жерлерде сатуға тыйым салынуы мүмкін.

«Азық-түлік қауіпсіздігі – басым міндеттердің бірі. Біз ішкі нарықты өз өнімдерімізбен толықтыру үшін шара қабылдауымыз керек. Азық дайындауды уақытында аяқтау қажет. Ауыл шаруашылығы басқармасы, аудан әкімдері қазірдің өзінде егін жинау және тұрақтандыру қорын толықтыру үшін қажетті барлық нәрсені жасауы керек», – деп атап өтті облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы