Маңғыстау облысының шаруалары үшін жемшөп тасымалдау тарифтері 80%-ға төмендетілді

Маңғыстау облысының фермерлері үшін темір жол көлігімен жем тасымалдау тарифтері 80%-ға төмендетілді. Ұлттық тасымалдаушы «Қазақстан Темір Жолы» компаниясы арзандатылған тарифтерді 2023 жылғы 1 қыркүйектен 2024 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге енгізді. Бұл туралы «АгроИнфо» АА ҚР АШМ баспасөз қызметіне сiлтемемен хабарлайды.

Фото: freeimages.com

0,2 мөлшеріндегі тарифтерге төмендету коэффициенттері «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС локомотив тартымының қызметтеріне және «Қазтеміртранс» АҚ вагондары үшін операция ставкаларына қолданылады.

Бұл қолдау өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша көрсетіліп жатыр.

Айта кетейік, биыл Маңғыстау облысының әкімдігі жемшөп құнын субсидиялауға 727,7 млн теңге бөлді. Қазіргі таңда облыста 59,2 мың тонна шөп дайындалды, бұл жоспарланған көлемнің 73,5%, сондай-ақ 18,4 мың тонна құнарлы жемшөп әзірленді, бұл жоспардың 72,2% құрайды.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы