ФАО Қазақстандағы ормандарды қалпына келтіруге өз үлесін қосады
Бұзылған ормандарды қалпына келтіру жобасының (FRIENDS) тобы Қазақстандағы жобаның ағымдағы барысын бағалады
2022 жылғы сәуірден бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) елдердің ормандарды және басқа да орманды жерлерді қалпына келтіру бойынша ұлттық әлеуетін арттыру, сондай-ақ аймақ елдерінің жер деградациясының алдын алуда мамандардың сараптамасын күшейту бойынша аймақтық жобаны жүзеге асыруда. «Орталық Азиядағы бұзылған ормандарды және басқа да орманды жерлерді қалпына келтіру» жобасы FRIENDS деп те аталады, ФАО-Түркия орман шаруашылығы серіктестігі бағдарламасы аясында Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанда жүзеге асырылуда.
Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, елдегі жердің шамамен 70 пайызы тозған жерлерге жатқызылған. Бұл аумақтардың көпшілігі сексеуіл ормандарынан, далалық және егіншілік алқаптарынан тұратын қуаң зоналар. Жердің тозуы негізінен малдың шамадан тыс жайылуы мен сортаңдануынан болады. Сексеуіл ормандарында Жердің тозуының негізгі себептері отынға мен көмір өндіруге арналған жойылуы, мал жаю болып табылады.
FRIENDS жобасының менеджері Адем Билгин мен ФАО орман шаруашылығы қызметкері Петер Печачек 2023 жылдың 29 мамыры мен 1 маусымы аралығында Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. Миссияның мақсаты – әлеуетті дамыту бастамаларына елдің қажеттіліктерін бағалау және ормандарды молықтыру әдістерін көрсету үшін пилоттық учаскелерге бару. Сонымен қатар, ФАО өкілдері жобаның жүзеге асырылу барысын талқылау үшін Қазақстандағы FRIENDS жобасының ұлттық үйлестірушісімен кездесті.
Билгин мен Печачек «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының аумағында орналасқан Ақмола облысындағы әлеуетті пилоттық учаскелерді бағалады. Олар сондай-ақ Алматы облысындағы ықтимал пилоттық нысандарды аралады. Осы облыстар мен тиісті учаскелерді ҚР Үкіметі ұсынған болатын.
Билгин мен Печачек сапары мен бағалауының нәтижесінде жобаның өз мақсаттарына жету жолында екенін растады. Олардың миссиясы болашақ іс-шараларды жоспарлауға да ықпал етті.
ФАО-Түркия серіктестік бағдарламасы туралы
ФАО-Түркия серіктестік бағдарламасының мақсаты Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан және басқа да өзара мүдделі елдерде азық-түлік қауіпсіздігін, ауылдағы кедейлікті азайтуды және орманды тұрақты басқаруды, шөлейттенумен күресуді және экожүйелерді сақтауды қолдау болып табылады.
2007 жылы басталған ФАО-Түркия азық-түлік және ауылшаруашылық серіктестік бағдарламасының (FTPP) бірінші кезеңі шамамен 10 миллион АҚШ доллары көлеміндегі мақсатты қорға жарналармен қолдау тапты. Жарналарды Түркияның Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрлігі береді. Бағдарламаның бірінші кезеңін жүзеге асыру барысында 2009-2015 жылдар аралығында әлемнің 16 елінде 28 жоба жүзеге асырылды. 2014 жылы FTPP-нің екінші кезеңін ФАО-Түркия орман шаруашылығы серіктестігі бағдарламасының бірінші кезеңімен бірге 20 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қосымша қаржыландырумен бастады, бұл Түркияның жалпы үлесі 30 миллион АҚШ долларын құрайды.