Түркістан облысында сексеуіл орманының алқабы ұлғайды

Түркістан облысында сексеуіл орманының алқабы ұлғайып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Фото: newtimes.kz

Былтыр Қызылқұм қорықшылары 3600 гектар жерге сексеуіл дәнін сеуіп, биыл жасыл желекке айналдырды. Нәтижесінде шөлді аймақта құм көшкіні басылып, Қызыл кітапқа енген құстар көбейіп келеді. Қызылқұмның қара суығы мен аптап ыстықты жаз мезгілі қорықшыларға қолбайлау болған емес. Өйткені үлкен міндетті арқалаған табиғатты қорғаушылар сексеуіл алқабын сақтап, мүмкіндігінше кеңейтуге кірісті. Нәтижесінде «Байырқұм» орманшылығына қарасты 230 мың гектар алқаптың 3600 гектар жеріне сексеуіл дәні себілді. Сондай-ақ жергілікті тұқымбақта өздері өсірген 500 мың түп көшетті егіп, жасыл желектің аумағын үлкейтіп жатыр.

Абзал Рахымов, «Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау» ММ директорының орынбасары:

– Бұл екпе, сеппелер 5 жылдан кейін орман қоры жеріне көмкерілген алқапқа өтеді. Сексеуілді алқапта құм көшкіні болады-ау деген жерлеріне, көбінесе, сол жерлерге ұйымдастырып, өткізіледі. Ондай жерлерді анализге береміз. Топырағын тексеріп, қорытындысы бойынша егуге болатын-болмайтынын анықтап егіледі.

Сала мамандары сексеуіл дәнін себуге қараша, желтоқсан айлары өте қолайлы уақыт екенін айтады. Сондықтан қар қалың жаумай тұрып, тұқымбақта қызу тірлік басталады. Әйтпесе құмды алқаптарда ғана өсетін сексеуілдің өздігінен дән шашып табиғи жолмен көбеюіне кемінде төрт жыл керек.

Табиғат қорғаушыларының сөзінше, сексеуіл құм көшкінінен сақтап қана қоймайды. Аң-құстың паналауына жағдай жасап, жер құнарын арттырады. Сексеуіл орманының алқабы кеңейгендіктен қызыл кітапқа енген қара құйрық пен бұлдырық, жиек, дуадақ құстарының да саны артып келеді. Шөл даланың шырайы кіріп, табиғаты қайта түлегендіктен экологиялық жағдайы жақсарып келеді.

Бағдат Қырқынбай, «Байырқұм» орман шаруашылығы басшысының көмекшісі:

– Шаруа қожалықтарына және жеке тұлғалардың малына пана әрі күннің ыстығында көлеңке болады.

Қорықшылар алдағы уақытта күзгі өрт қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстарына қызу дайындықты бастайды. Ол үшін «Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау» мекемесіне қарасты аймаққа 9 бекет орнатып та қойды. Оның алтауы осы Қызылқұм аумағында. Мамандар соңғы уақытта сексеуілді кесуге жарияланған мораторий қара ағаштың жойылу қаупін сейілтті деп отыр.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы