Елде балық өсіретін маман тапшы

Елімізде балық өнімдеріне сұраныс көп, бірақ маман тапшы. Биыл жоғарғы оқу орындарына бөлінген мемлекеттік грант саны артқанымен жастар балық шаруашылығына барғысы келмейді. Өйткені қызығушылық жоқ. Оның үстіне болашақ мамандарды даярлайтын оқу орындары мен шаруа қожалықтарының арасындағы байланыстың жоқтығы осы саланы ілгері бастырмай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Сурет: ашық дереккөздерден алынды

Балық өсіруші Марлен Тұрсынәліұлының бұл салаға бет бұрғанына 10 жылдан асыпты. Тіпті балық шаруашылығын алыстағы ауылдан да ашып тастаған. «Әттең маман тапшылығы қол байлап отыр, болмаса өз өнімдерімізбен еліміздің барлық өңірін қамтамасыз етуге болатын еді» – дейді.

Марлен Тұрсынәліұлы, балық шаруашылығының жетекшісі:

– Елімізде 48 мың өзен бар. Көрші мемлекеттермен салыстыратын болсақ, Өзбекстанмен, Қырығзстанмен Қазақстан балық шаруашылығымен айналысуға өте ыңғайлы зона болып келеді. Ал бірақ онымен айналысатын, оны зерттейтін мамандар аз. Осы мамандардың аздығынан бұл балық шаруашылығы қазіргі жағдайда өте дамымай тұр деп айта кетсе болады.

Ихтиолог мамандарды даярлайтын елімізде 6 жоғарғы оқу орны бар. Соның бірі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне биыл мемлекеттік грант бөлінбеген. Бұларыңыз қалай деген шаруа қожалықтарының сауалына, Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері университет өтініш бермеді деп түсіндіріпті.

Заядан Болатхан Қазиханұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің деканы:

– Өтініш жібердік. Грант келген жоқ. Грант келмегеннің өзінде басқа университеттерге біз анализ жасадық. Өйткені балық шаруашылығы деп ауыратын адамдардың бірі біздің факультеттің мамандары. Бұлар қайтып қалды. Біз алмағанда не болды деп қараса жаңағы 110 гранттан 30-ы ғана игерілген.

Түсінгеніміз оқу орындары мен шаруа қожалықтарының арасында байланыс нашар. Балық өсірушілердің айтуынша студенттер іс-тәжірибеге мүлде келмейді. Ал мектеп түлектерінің қызығушылығын оятатындай кәсіптік бағдарлау жүйесі жоқ. Тіпті қала көшелерінде сауалнама жүргізіп едік, жастардың көпшілігі ихтиолог мамандығының барын да білмейді.

БЛИЦ

– Шынымды айтсам ойланыпта көрмеппін. Осы ихтиолог мамандығы бар екенін, иа естідім. Бірақ Алматыда оның оқуы бар екенін бірінші рет естіп тұрмын сізден.

– Алматы қаласында ихтиолог мамандығы сұранысқа ие емес деп ойлаймын. Өйткені азаннан кешке дейін балықтарды зерттеп күннің астында тұру ол бәрінің қолынан келе бермейді. Мен өзім аспазшы, мен балық зерттемеймін, мен балықты дайындаймын.

Екі жыл бұрын елімізде Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданды. Арнайы комитет те құрылды. Балық өндірісі көлемін 600 мың тоннаға жеткізсек деген жоспар бар. Қазір мемлекет балық шаруашылығына жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Өзен-көлдеріміз жетіп артылады. Тіпті биыл мемлекеттік оқу грантының саны 27-ден 110-ға дейін көбейген. Алайда әлі маман тапшы. Сондықтан балық шаруашылығын дамыту үшін бірлесе жұмыс істеу қажет. Кадр мәселесі шешілмей саланы дамыту қиын

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы