ЕАЭО: тараптар мен талаптар

2015 жылдың табалдырығын аттап, экономикалық ықпалдастықты тереңдетудің кілтіне айналған Еуразиялық Экономикалық одақ күшіне енді. Қазақстан, Беларусь, Ресей Федерациясы және Армения арасындағы алыс-беріске серпін берілмек. Оның аясында кәсіпкерлер үшін өткізудің жаңа нарықтары ашылса, тұтынушылар үшін таңдау аясы кеңеймек.  Еуразиялық ықпалдастық негізінде «төрттік» одақтың нарығына жол тартатын өнімдердің сапасына талаптар күшейтілмек.

Экономикалық мүмкіндіктердің көкжиегі

Кезекті жыл тарих қойнауына еніп, биыл «үштік» арасындағы ынтымақтастық нығая түспек.  Өзара тығыз іс-қимылдың тұңғыш қадамы Кедендік Одақтан бастау алып бүгінде  ықпалдастықтың кезекті сатысы Еуразиялық экономикалық одаққа ұласып отыр. Оған мүше «үштік» мемлекеттердің қатарына Армения қосылды. Мамыр айында «төрттікті» Қырғызстан түйіндемек. Осы күнге дейін мемлекетаралық ықпалдастықты реттеген 236 құжатты біріктірген бірлестік тек экономикалық мүддені әрі өзара тиімділікті көздейді. Оған сәйкес экономиканың жекелеген салалары бойынша келісілген саясат құпталып, көлік инфрақұрылымына, экспорттық әлеуетке қан жүгіртілетініне үміт бар.  Ықпалдастықтың тамыры тереңдесе, алыс-беріс күшеймек. Бірлескен кәсіптің тынысын ашуға, сауданы еркін жүргізуге, коммуникацияларды кәдеге жаратуға, өңіраралық ынтымақтастық пен өзара гуманитарлық ықпалдастықтың аясын  кеңейтуге тосқауыл жоқ. Жұмыс күші, тауар, қызмет, капитал қозғалысы жолындағы кедергілер жойылып, біртұтас экономикалық кеңістікте адал бәсекелестіктің кілті ашылады.

– Меніңше, ЕАЭО біртіндеп дамиды. Қолбайлау мәселелері, кедергілер болмайды деп айту әбестік. Тың бірлестік осылайша аяққа нық тұрып, барлық түйіткілдерді еңсеруі тиіс. Алғашқы жылдары әуелі халықтың тұтынуына қызмет көрсететін дәстүрлі салаларда біртіндеп алға басу байқалатыны даусыз. Оның ішінде ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығын өңдеу, агроөнеркәсіптік кешен және оған байлансты құрылымдар бар. Өнеркәсіптік кооперацияның мүмкіндіктері бастапқы кезеңде ауқымдылықтың қандай да бір әсеріне жол ашатынын ескерсек, жеңіл өнеркәсіп елеулі серпінге ие болып, дами түсуі ықтимал,-деп мәселенің мәнісін ТМД мемлекеттері институты экономика бөлімінің жетекшісі Аза Мигранян.

Ғалымның пайымынша, ауылшаруашылық ко операцияның түйінін тарқатпай, агроөнеркәсіптік кешен­ге жан бітіруде алысқа ұзай алмаймыз . Еуразиялық экономикалық од ақтың қатысушылары үшін тауардың еркін қозғалысы басымдыққа ие. Оған әуелі «төрттіктегі» кәсіпкерлік мүдделі, екіншіден тұтынушылар қызығушылық та­нытуда. «Өндірісті жақсартуға бағытталған ауылшаруашылық кооперативтердің көбіне – көп ел шебіндегі аймақтарда дамудың даңғыл жолына түскені байқалады. Олардың саны Қазақстанның және Ресейдің аумағында аз емес. Олар бір уақытта бірқатар міндеттерді бағындыруға жол ашатыны даусыз. Бірінші ке­зекте бұл әлеуметтік өсімге және халықтың дамуына оң әсерін тигізеді. Ал халық экономикалық белсенділігінің арқасында өзінің барлық әлеуметтік мәселелерін ше­шуге, табысты ұлғайтуға, өткізу әлеуетін қатар арттыруға мүмкіндік алмақ», – деп жіпке тізді нәзік жанды ғалым.

Келісілген аграрлық саясат

Тұрақты экономикалық іргетастың негізі қаланып, ауыл шаруашылығы бойын­ша да келісіп «тон пішу» ме­желенген. Біртұтас экономикалық  кеңіс тік аясын да келісілген аграрлық саясат тұжырымдамасы мақұлданды. Еуразиялық ықпа лдастық негізінде бірлесе қимылдаудың жолдарын сілтейтін Жол кар­тасы құпталған. Оған сәйкес Одаққа мүше мемлекеттердегі өндірушілердің мүдделерін қорғауда бірлесе қимылдау, ғылыми және инновациялық тұрғыда саланы дамыту АӨК бойынша мемлекетаралық өзара іс-әрекеттердің бір па­расы. Азық-түлік өнімдерін шығарудың техникалық регламенттерін бірізділендіруде деп отыр. Тың талаптарға оң бата берілсе, тауар өндірушілер сапаның тізгінін мықтап ұстанбақ.

– Азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жолындақам – қарекет кірісіп, өзімізді тамақ өнімдерімен қамтуға аса мән берген абзал. Мәселен, Қазақстан мен Белоруссияны алсақ, үш жылда алыс- беріс 10 есе арта түсті. Бірақ Қазақстанға жеткізілетін белоруссиялық сүт өнімдері жергілікті ұлттық өнімдермен бәсекелеспейді. Олар сапа­сы көңіл көншітпейтін өзге мемлекеттердің өнімдерімен бәсекелесіп, біртіндеп олар­ды нарықтан ысырады. Себебі Одаққа мүше мемлекеттердің сүт өнімдері оның қауіпсіздігін бірінші кезекке қоятын жаңа технологиялық регламенттер­ге сәйкес келеді. Оған сай бізде сүт және сүт өнімі деген түсінік пайда болды. Тұтынушы өнімді сатып алатын кезде оның табиғи не қоспа қолданылып жасалғанын бірден түсінеді. Мысалы, ет өнімдерін сатып алған кезде индексация бол­са 2016 жылдың қаңтарынан өнімнің заң таңбасы арқылы с апасын анық тауға жол ашылмақ, – дейді Еуразиялық экономикалық комиссия­сы Ықпалдастықты дамыту департаментінің директоры Виктор Спасский.

Сарапшылар жерг ілік ті өндірушілердің асығы алшы­сынан түсетінін алға тартып отыр. Қазақстанда жасалған белгісі бар тауарлар 150 мил­лионнан асып жығылатын тұтынушылар нарығына жол тартпақ. Мемлекетаралық байланыс көпірі нығайған сай­ын алыс-беріс те күшейіп, отандық өнімдердің сыртқы нарықты бағындыруына да жан бітетіні хақ. Оның бір айғағы – іргелес Ресеймен шекаралас аумақтарда кәсіпкерліктің көрігі қыза түскен. Өткен жылдың алғашқы жарты жылдығында 1200 ресейлік кәсіпорын Қазақстанда тіркелген.

– Шекаралық аумақта қазақстандық кәсіпкерлікке жан біткен. Онда шаруаны дөңгелетуге қызығушылық бар, әкімшілік кедергілер де аз. Бұл Қазақстанда кәсіпкерліктің да­муына жеңілдетілген шарттар ұсынылатынын дәлелдейді. Ал шағын және орта биз­нес үшін оның маңыздылығы жоғары. Сондықтан ресейлік шекаралас аудандар да РФ аумағында қазақстандық кәсіпорындардың тіркелуі үшін бәсекелесіп, кәсіпкерлік орта­ны жақсартуы тиіс, – деп түйді ол.

Венера Мұстафина

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы