Биыл шаруаларға берілетін субсидиялар саны қысқарады

2018 жылы ауыл шаруашылығында субсидияландыру жүйесі өзгереді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шүкеев Парламент Сенатында «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Сенатор Мұхтар Бахтиярұлы өз сұрағын ауыл шаруашылығы министрлігіне жолдады.

«2018 жылы ауыл шаруашылығын субсидиялауға қомақты қаржы бөлініп отыр. Биылғы субсидия саясаты бұрынғыдай болып қала бере ме, әлде өзгере ме? Егер өзгерсе қай бағытта өзгереді?» – деп сұрады ол.

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шүкеев қазіргі таңда ауыл шаруашылығында субсидияландыру жүйесі өте күрделі екенін және жалпы 54 түрлі субсидия бар екенін айтты.

«Біздің бағытымыз бұл субсидияларды жеңілдету. 54-тен 42-сін қалдырайын деп отырмыз. Оның ішінде тиімсіз субсидияларды қысқартып, тиімді жолдарын іздейміз. Кредит алғанда пайызын арзандату мәселесіне көбірек көңіл бөлеміз. Одан кейін инвестициялық субсидияларды көбейтеміз», – деді ол.

Оның айтуынша, министрлік гектарға немесе тоннаға берілетін тиімсіз субсидияларды азайту бағытында жұмыс істеп жатыр.

«Мал шаруашылығына келер болсақ ет, сүт, құс етін өндіру, тағы басқа біздің экономикамызға тиімді өнім түрлерін көбейтуге көңіл бөлеміз. Суармалы жерлерді тиімді пайдалану үшін ол жаққа да көбірек басымдық беретін боламыз. Негізі субсидия туралы барлық өзгерісті АШМ сайтына екі ай бұрын орналастырған болатынбыз. Содан бері кәсіпкерлермен, әкімдермен басқа да қызығушылық білдіретін органдармен тығыз жұмыс істеп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жақын арада арнайы осыған арналған баспасөз конференция өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді Шүкеев.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы