Бидай мен майлы дақылдардың бағасы көтерілді

Петропавл, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстан облысында астық бағасы көтерілді. Қазір 3-ші сұрыптағы бидайдың тоннасына «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰҚ-сы 54 мың теңге ұсынып отыр.

Биыл ішкі нарықта дәнді және майлы дақылдардың бағасы былтырғыдан анағұрлым жоғары. Жаз мезгілінде ауа райы салқын болғанына қарамастан, теріскей диқандары мол өнім алды. Мұндай жақсы көрсеткішке жергілікті аграрийлер минералдық тыңайтқыштарды қолданудың арқасында қол жеткізгендігін айтып отыр. Облыс бойынша барлығы 2,8 млн гектар алқаптағы күзгі өнім жиналып алынды. Гектар берекелігі орта есеппен 19 центрнерден айналды. Қызылжар қамбасына 5,3 миллион тонна астық құйылды.

Иллюстративное фото из открытых источников
Иллюстративное фото из открытых источников

Биыл Солтүстік Қазақстан диқандары 116 мың тонна минералдық тыңайтқыш алған. Аудан әкімдері осы бастан тыңайтқышты өндіруші зауыттармен келісімшарт жасамақ. Облыс бойынша келер көктемдегі дала жұмыстарына 519 мың тонна тұқым дайындалған.

«Биыл диқандардың табысы өткен жылмен салыстырғанда анағұрлым жоғары болмақ. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰҚ-сы былтыр бидай тоннасын 42 мың теңгеден алса, биыл 54 мың теңге. Майлы дақылдардың бағасы айтарлықтай көтерілді. Оның өнімділігі биыл гектарынан 9,9 центнерді құрады. Бұл көрсеткіштер ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігін арттырары сөзсіз», – дейді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

Биыл майлы дақылдарға да сұраныс артқан. Аталған өнім бағасы орта есеппен 10-15 мың теңгеге көтерілген. Өткен жылы рапстың тоннасы 127 мың теңге болса, биыл 133 мың, зығырдың тоннасы 90 мың теңгеден 105 мың теңге дейін көтерілді. Күнбағыс 110 мың теңге болса, биыл оның бағасы тоннасына 115 мың теңгеге жетті. Ал экспорттаушылар майлы дақылдарды өзге мемлекеттерге бұдан да жоғары бағаға өткізеді. Мәселен, рапстың бағасы 145 мың теңгеге дейін жетеді. Оған қоса оларға мемлекет қосымша құн салығының 12 пайызын қайтарады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы