8 701 394-21-28

agro_info@bk.ru

Ауыл шаруашылығына «жасыл» технологиялар қажет

Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы әлеуеті зор. Бірақ инновациялық технологиялар дер кезінде ендірілмесе, азық-түлік қауіпсіздігіне қара бұлт төнуі кәдік. Оған ҚР БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдері сенімді.

Зелёная экономика 640х480Азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз етуде жасыл экономи­каның қағидаларына иек арту қажет. Заманауи технология­лар кәдеге жаратылса, ауылша­руашылық дақылдардың өнім­ділігі артады. Оның арқасында экспорттық әлеуеттің құлашын кеңейтуге жол ашық. Мәсе­лен, елімізде бір жылда қам­баға құйылатын сары алтынның көлемін 22 млн тоннаға жеткізу­ге мүмкіндік бар. Оның есеп-қи­сабын БҰҰ жергілікті мамандары жасаған.

-Бірақ ауыл шаруашылығын дамыту бойынша ескі әдістер мен тәсілдердің қолданылуынан, бүгінде тек 14,6 млн тонна дән­ді дақыл жиналады. 1990 жыл­дары еліміздің ІЖӨ-де ауыл шаруашылығының үлесі 32% құраған. Бүгінде бұл көрсет­кіш бар-жоғы 5% ғана құрайды. Ауыл шаруашылығын тұрақты түрде дамыту үшін тауар өнді­рушілерді барынша сумен қам­тамасыз ету, жердің деградаци­яға ұшырауын азайту, климаттық жағдайларға бейімделу мінде­ті тұр. Климаттық құбылыстар­ды болжаудың жаңа әдістері қажет. Салаға жаңа технология ендіріп, суды көп қажет етпей­тін және құрғақшылыққа бейім өңірлерде өсетін жаңа ауылша­руашылық дақылдарды кәде­ге жаратқан абзал, – деп мәсе­ленің мән-жайын БҰҰ Даму бағ­дарламасының бағдарламалық маманы Виктория Байғазина тергіштеді.

БҰҰ ДБ еліміздің аумағын­да бірқатар ауылшаруашылық жобаларды қолға алған. Оның арқасында дақылдардың өнім­ділігін арттыру діттеліп отыр. Бастамалардың бірі Қызылор­да облысының алқаптарында кәдеге жаратылуда. Күріш дән­дері сіңірілген учаскеге лазер­лік тегістеу технологиясы ендір­ілді. «Алқап тегіс болмаса, онда егілген дақылға суды тең түрде бөлу екіталай. Бірақ жақсы өнім алу үшін бұл технологияны қол­дануымыз қажет. Күріш судың аздығынан да, оның тым көпті­гінен де жапа шегеді. Ал лазер­лік тегістеу арқасында дақылға құйылатын су бірдей деңгейде сіңеді. Тіршілік нәрі үнемделеді, топырақтың батпақтануына жол берілмейді. Есесіне оның құнар­лығы жақсара түседі», – дейді ол.

Ақмола облысында да қана­тқақты жоба жүзеге асырылу­да. Шортанды ауылының алқабына астық тұқымының құрғақшылыққа төтеп беретін жаңа сұрпы сіңірілген. Маман­дардың сөзіне сенсек, осылайша Қазақстанның экспорттық әлеуе­ті кемінде 15% еселенеді.

Су ресурстарын үнемді және тиімді түрде пайдалану бағыт­талған жоба еліміздің 8 өңірін­де өмірге жолдама алған. Жасыл технологияларға негізделген игі бастама Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетімен бірлесе қолға алынған.

Тіршілік нәрін үнемді пайдала­ну – әлемдік деңгейдегі көкей­тесті мәселе. БҰҰ «Өмір және су» есебіне сүйенсек, жер-жаһанда «жасыл» технологиялар ендіріл­месе, 2030 жылға қарай бес мил­лиардтан астам адам немесе жер бетіндегі халықтың 67 пайызы судан тарығады.

Венера Мұстафина

01.08.2016 ж. жауап

Также читайте:

Ынталандыратын жобалар бар

В Астане открылся «Учебный центр «зеленых» технологий» (ФОТО)

Назарбаев: В 2017 году астанинский лес соединится с национальным парком Боровое

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каких специалистов не хватает на вашем сельхозпредприятии?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы