Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 4,6 мың шағын несие берді
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгро» Холдингі құрылымындағы компания, 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) жүзеге асыруға аймақтық уәкілеттік ұйым ретінде қатысады. 2017 жылы Бағдарлама аясында 27 млрд теңге бөлінсе, оның 16,6 млрд теңгесі Қор арқылы берілген болатын, деп «ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметі.
Жалпы алғанда, өткен жылы Бағдарлама аясында Қор 4 638 шағын несие берді. Бағдарламаға жұмыссыз, өз-өзін жұмыспен қамтығандар, ауылшаруашылық кооперативтері мен олардың мүшелері – микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілері қатысты. Шағын несиелер мерзімділік, төлемділік, қайтарымдылық, мақсатты пайдалану қағидаттары негізінде беріледі.
– Қарыздар микробизнесті ашу немесе кеңейтуге берілді, – дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Думан Оспанов. – Шағын несиенің мерзімі – 7 жылға дейін. Шағын несиенің максималды сомасы – 8 000 айлық есептік көрсеткішке дейін, сыйақы үстемесі – жылдық 6 пайыздан аспайды. Негізгі борыш пен пайызды өтеу бойынша жеңілдетілген мерзім – шағын несие мерзімінің үштен бір бөлігіне дейін.
Шағын несиені алу үшін міндетті түрде кәсіпкерлік негіздерін оқудан өту, бизнесті кеңейтетін жағдайда жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу керек. Бағдарлама бойынша қаржыландырылғын 1,5 мың жобаны «Бизнес Бастау» курстарынан өткен қатысушылар жүзеге асырады.
Бұдан басқа, ауылдық кәсіпкерлікті шағын несиелеу «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 2015-2016 жылдары қаржыландыру алған қарыз алушылар қайтарған қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Өткен жылы өтелген қаржыдан 2,01 млрд теңгеге 798 жоба қаржыландырылды. Осылайша, 2017 жылы Бағдарлама және «ЖҚЖК-2020» бойынша жобалар саны 5436, қаржыландыру көлемі – 18,6 млрд теңгені құрады.Бағдарлама шеңберінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры келесі бағыттарды қаржыландырды:- «Игілік» өнімі үшін 9,1 млрд теңгеге 2392 жоба – ауыл шаруашылық малдарын және құс шаруашылығын сатып алу мен өсіруді несиелеу үшін;- «Береке» өніміне 4 млрд теңгеге 1537 жоба – отбасылық бордақылау алаңдарын құру үшін;- «Кәсіпкер» өнімі бойынша – 3,3 млрд теңгеге 663 жоба – ауыл шаруашылық және ауыл шаруашылық емес кәсіпорындарын дамыту үшін;- «Егінжай» несие өнімі үшін көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарына арналған 165 млн. теңгеге 41 жоба;- «Ынтымақ» несие өнімі үшін 31 млн. теңгеге 5 жоба – ет, сүт, жеміс-көкөніс өнімдері мен жемшөп сатып алу және маркетинг бойынша ұйымдарды дамыту үшін.Ағымдағы жылы Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде 19,8 млрд теңге көлемінде шағын несиелеуді жүргізу жоспарланып отыр.
2017-2021 жылдарға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарламаны жүзеге асыруда «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі құрылымындағы үш компания жұмыс істейді – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, несие серіктестері мен микроқаржылық ұйымдарды қорландыру жолымен ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуды несиелендіру бағытында “Аграрлы несиелік корпорация» АҚ, ауылдық жерлерде және шағын қалалардағы қолданыстағы бизнесті ұлғайту және бастаушы кәсіпкерлерге стартап ашуға бағытталған микронесиелер мен несиелерді кепілдендіру бағытында «ҚазАгроГарант» АҚ.
Бүгінгі күні кепілдендіру құралымен 187 фермер қолданды, сондай ақ кепілдік алғандардың 44 пайызы – өз бизнестерін нөлден бастаған кәсіпкерлер. Өз бизнесін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің үлесі – 1-ден 3 жылға дейін жұмыс істегендердің үлесі – 24 пайыз. Кепілдікті қажет еткен қолданыстағы бизнесі бар кәсіпкерлердің үлесі – 32 пайыз.
Бүгінгі күні берілген кепілдіктердің жалпы сомасы шамамен 981 млн теңгені құрайды. Кепілдікке алған қарыздың орташа сомасы – 6,6 млн теңге, кепілдіктің орташа сомасы – 4,0 млн теңге.