Атырау облысында 100-ден астам балықшы күзден бері жалақысын ала алмай жүр

Атырау облысында балықшыларға еңбек күндері төленбей жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сурет: ашық дереккөздерден алынды

Күзден бері жүздеген адам жұмыс беруші мекемеден жалақысын әлі даулап келеді. Олардың барлығы ала жаздай теңізде еңбек еткен. «Амангелді» өндірістік кооперативінің жұмысшылар алдындағы берешегі 25 млн теңгеден асады. Алайда «биылғы тартым табыссыз» болды деген желеумен мекеме басшылығы қарызды қайтаруға асығар емес.

Арыстанбек Кенже, тілші:

– Жұмысшылар «маңдай термен тапқан еңбекақымызды алып қалармыз» деген үмітпен осы қақпаның алдына күн сайын жиналуды әдетке айналдырған. Алғашында 40-50 адам болып топтасып келетін. Уақыт өткен сайын олардың қатары да азайып барады. Өйткені көпшілігі күдерін үзген.

Әділет Баймұқанов, балықшы:

– Төрт аптадан асты күнде ертеңмен жүрміз. Тіпті табанымыз тозды. Пандемия дейді, ешқайда жұмысқа алмайды. Сол осы ақшаға қарап, күтіп отырмыз. «Кепілге қойып жатырмыз» дейді, несиеден басқа ештеңе айтпайды бізге.

Марат Байжанов, балықшы:

– Осыған қарап тұрмын. Осы жалақыға бәрі тіреліп тұр. Сонау Құлсарыдан келіп тұрмын. Несие де бар, пәтер ақысы да бар. Бәрі жан-жақтан соғып жатыр. Оларға да айтып түсіндіріп жатырмын. Олар түсінбейді ғой.

Осылайша, 100-ден астам балықшы күнде ертеңмен алданып жүрген жайы бар. Бұл азаматтар маусымдық жұмысқа жалданған. Көктемгі және күзгі маусымда өндірістік коопертивке бөлінген лимитті игеруге көмектесіп, ал күзде есеп айырысады. Жылда солай болған, бірақ биыл жалдаушы мекеме сөзінде тұрмаған. Тіпті арадағы еңбек шартын да көрсетпепті. Енді табан ақы, маңдай терлерін даулайын десе, қолдарында құжаттары жоқ.

Аслан Шоманов, балықшы:

– Негізінен айына 140 мыңнан деп келістік. Соңғы рет қазанның 17-сіне алдық кешіктіріп. Содан бері әлі жүрміз ғой. «Береміз, береміз», дейді.

«Амангелді» өндірістік кооперативі 100 жұмысшының әрқайсысына 250 мың теңгедей қарыз. Жалпы берешегі 25 миллионға жеткен. Қақпа алдында шу шығарған топты көрген мекеме директоры мән-жайды ашық түсіндіруге тырысты. Жылына шетелге үш мың тонна балық экспорттайтын компания биыл індеттің салдарынан шығынға шаш етектен батқан. Айтуларынша, басты себеп осы.

Сәбит Сағидуллин, «Амангелді» ӨК ЖШС директоры:

– Осы жылғы күзгі маусым өте нашар болды. Жайықта су жоқ. Біздер енді жылдағы үрдіспен жұмысшыларды жинадық. Бірақ балық болған жоқ. Түскен балық 25-26% ауладық, ол өте аз. Күз кезінде көбірек аулайтын едік. Ресей, Украина, Еуропа көп алатын еді. Енді экспорт көлемі де азайды.

Кәсіпорын басшылығы қазір зауыттарының бірін кепілдікке қойып, «Атырау» Әлеуметтік кәсіпкерлік коорпорациясы арқылы несие рәсімдеп жатыр. «Қолға қаражат тисе, бірінші кезекте жұмысшылардың жалақысын төлейміз» деп сендірді.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы