«Атамекен» ҰКП-да АӨК-ті дамытудың Картасы талқыланды
Бүгін «Атамекен» ҰКП алаңында Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша жасалынған техникалық қайта жарақтандыру, тұқым шаруашылығын, агрохимия мен өсімдіктерді қорғау құралдары өндірісін дамыту Карталары талқыланды. Талқылауға қоғамдық ұйым мен агробизнес өкілдері қатысты ҚР Ауыл шаруашылығы Бірінші Вице-министрі Қ.Айтуғанов: «Карта әр бағыт бойынша негізгі мәселелерді анықтайды сондай-ақ, кеңейтілген талдау жүргізе отырып, тиісті бағыттар бойынша нақты шаралар қабылдайды және де жүзеге асырылып жатқан Картаның бизнес-қауымдастық өкілдері арасында талқылануы өте маңызды фактор болып табылады», – деді.
АӨК-тің негізгі бағыттарын дамытуға арналған Карталар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде жақында өткен Аграрлық саясат жөніндегі Кеңестің отырысында таныстырылды.
Жүргізілген талдау нәтижелеріне сәйкес, ауыл шаруашылығы техникалары паркіндегі тракторлардың 65%, комбайндардың 46% пайдалану мерзімі 17 жылдан асқан. Ескі техникаларды пайдалану шығынды көбейтеді және егінді толық жинап алуға мүмкіндік бермейді.
Осындай жағдайлардың алдын-алу мақсатында АӨК-ті техникалық қайта жарақтандыру Картасы әзірленді. Ауыл шаруашылығы техникаларын өндірушілер үшін жеңілдіктер, отандық өндірушілерден аспалы және тіркемелі техника сатып алушы шаруаларға жеңілдікпен берілетін несиелер қарастырылды.
Аталған іс-шаралар шаруалардың кірісін 20%-ға, еңбек өнімділігін 1,5 есеге, өнім өндірісін 2 есеге арттырып және ауыл шаруашылығы машиналары паркін жаңартуға мүмкіндік береді.
Тұқым шаруашылығы Картасын әзірлеу қажеттілігі ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасының төмендігінен және тұқым шаруашылығы техникаларын жарақтандыру және тұқымның тиімсіз сорттарын пайдаланудан туындады.
Соңғы 5 жылда элиталы тұқымдарды себу орташа есеппен 4,6%-ды құраған. Ғылыми деректерге сүйенсек егіннің өнімділігінің төмен болуының 20% төменгі репродукторлы тұқымды пайдаланудан болады. Элиталы тұқым шаруашылығына талдау жүргізу нәтижесінде егіс жинау техникаларының жартысы яғни 2/3 тұқым тазалау техникалары 10 жылдан астам уақыт пайдаланылған. Сондай-ақ, ескірген тұқым тазалайтын техникалар тұқымның сапасын төмендетеді.
Осыған орай, тұқым шаруашылығына талдау жүргізіліп, нақты жүйелік шаралар әзірленді. Тұқым шаруашылығы бойынша субсидия берудің механизмін жетілдіру, субсидияны тек қана жоғары сұрыпты сапалы өнімдерге беру, сонымен қатар республика бойынша жұмыс істеп тұрған субсидия беру схемасы қайта қарастырылуда.
Агрохимияны дамыту Картасы аясында әр облыс үшін жерді тыңайтудың бірыңғай нормасын енгізу ұсынылады. Бұл қосымша тыңайту көлемін, негізгі тыңайту түрлерін субсидиялау үшін қосымша 3,9 млд теңге үнемдеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде тыңайтқыштарды тұтыну көлемі 10%-дан 30%-ға көбейеді. Ауыл шаруашылығы майлы дақылдарының өнімділігі 10-12% көтерілгендіктен жердің құнарлылығы артады.
Өсімдіктерді қорғау құралдары өндірісін дамыту Картасы аясында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арам шөптермен зиянды және аса қауіпті организмдермен күресу, карантинді объектілерді жою үшін пестицидтерді және биопрепараттарды сатып алған шығынын субсидиямен қамтамасыз ету қарастырылған. Сондай-ақ, жеке меншік иелеріндегі бақшаларда жойылған жеміс ағаштарының шығындарын өтеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін сапалы пестицидтермен қамтамасыз ету мүдделерін қорғау мақсатында пестицидтердің сапасын қадағалау жүзеге асырылған. Сонымен қатар, импорттық пестицидтердің ҚҚС-н кезең-кезеңімен жою қарастырылуда. Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу талабы қатаңдатылған.
Іс-шараға қатысушылар АӨК-ті дамыту Картасын қолдап оның тиімді екенін атап өтті.
Дерек көзі: ҚР АШМ Баспасөз қызметі