Аманғали Бердалин Ақтөбе облысының шаруаларымен кездесті

Мемлекет басшысының су тасқыны салдарынынан зардап шеккен аймақтарға бару және салдарын жою туралы берген тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Ақтөбе облысына іс-сапармен барып, су тасқынан зардап шеккен шаруалармен кездесті. Қобда ауданының фермерлеріне вице-министр шығынға ұшыраған малдарға өтемақы төлеу тәртібін түсіндірді. Сондай-ақ, мал шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі сауалдарға жауап берді. Бұл туралы «АгроИнфо» АА ҚР АШМ баспасөз қызметіне сiлтемемен хабарлайды.

Сурет: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Мұнан соң, вице-министр Аманғали Бердалин аудандағы ветеринариялық станция жұмысымен танысты. Сала мамандарына аумақтағы эпизоотиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды, ветеринариялық іс-шараларды уақтылы жүргізуді тапсырды.

Вице-министр Ойыл ауданындағы Республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың да жұмыс орнында барды. Су тасқынынан өлген малдардың өлекселерін жою жұмыстарының барысын бақылады.

Өлген малдар өртеу арқылы жойылады. Ол үшін сол орынға инсинератор арнайы құрылғысын апарады. Бұл өлекселерді тасымалдамай-ақ тез арада жоюға мүмкіндік береді. Инсинератордың сыйымдылығы 3 тоннаға дейін, шамамен 7 бас ірі қара немесе 60 бас ұсақ мал. Температуралық режим 1000 С-қа жетеді. Ауру жануарлардың өлекселерін жағудың қалдығы 1% -ға дейін, яғни, өте аз мөлшерде күл қалады.

Сурет: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Аманғали Бердалин Ойыл ауданындағы эвакуациялық пунктте болып, зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Вице-министр су тасқыны салдарынан келген шығынды өтеу мақсатында Үкімет тарапынан арнайы алгоритм әзірленгенін, барлық көмектер жан-жақты көрсетілетіндігін жеткізді.

Вице-министр жергілікті ауыл шаруашылығы саласының мамандарына шығынды өтеу тәртіптері жайында  халыққа түсіндіруді жұмыстарын жеткілікті деңгейде жүргізуді міндеттеді.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы