Ақтөбеде жасыл желекті суарудың жаңа әдісі жүзеге асуда

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин жоспардан тыс Ақтөбе қаласында атқарылып жатқан бірнеше жұмыстармен танысты. Бұл туалы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Облыс басшысы алдымен Бөкенбай батыр көшесіндегі ағаштарды және көгалдарды суару жұмыстары бойынша жүзеге асырылған жаңа жобаны көрді. Суару жұмысын қолға алған «КХ Эльмира» мердігер мекемесі Индонезия елінен жеткізілген жаңа технология арқылы ағаштар мен гүлзарларды тамшылатып суару әдісіне көшкен. Мамандар Ақтөбе қаласы бойынша алғаш рет жүзеге асып отырған бұл әдістің артықшылығы көп екенін айтады. 70 метр тереңдікке орнатылған насос автоматты түрде ағаштар мен көгалды шөптерді, уақытылы әрі бірқалыпта сумен қамтиды. Мамандар су тасығыш көліктермен суарғаннан гөрі, осы тәсіл арқылы тамшылатып суару тиімдірек екенін айтады.

Техника күніне 100 текше метр су шығаруға қуатты. Ақтөбеде алдағы уақытта ағаш суару мен көгалды ылғалдандыру бойынша 8 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Аймақ басшысы жаңа тәсіл үнемді әрі пайдалы болса, әрі қарай да жұмысты жандандыру қажеттігін айтты.

«Ағаштарды еккенмен, оларды уақытылы күтіп-баптауды ұмыт қалдырып жатырсыздар. Бұл бір жағынан үлкен шығынға ұшыратса, екінші жағынан тұрғындардың наразылығын тудырады. Сондықтан суару әдісі осылай шешімін тауып жатса, бұл жұмыс жалғасын табу қажет» – деді облыс басшысы.

Сонымен қатар,Оңдасын Оразалин Сазды өзені арнасын кеңейту және бекіту жұмыстарымен танысты. Өңір басшысы қала әкіміне жұмысты сапалы әрі уақытылы жүргізуді тапсырды.

Дереккөзі: Baq.kz

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    От чего в наибольшей степени зависит размер урожая?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы