Аграрлық саладағы қадамдар пысықталуда

Дастарханның сәнін келтіретін ауылшаруашылық мақсаттағы жерлердің тиімді кәдеге жаратылуы қатаң қадағаланбақ. Ал қожайынын күтіп, еңбек құралдары тимеген учаскелерді қайта нарықтық айналымға енгізу көзделген. Жауапты атқамінерлер аграрлық салада ме­желенген нақты қадамдарды бағындыруға кірісті. Оған сай Жер кодексіне және басқа да заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілмек.

Мәселе пысықталуда

Жаһандық қауіп-қатерлердің жауабына, айқындалған межелерді бағындырудың бағдарына айналған «100 нақты қадам» ауыл шаруашылығына да жаңа серпін бермек. Мемлекеттік органдардағы статистикалық дерекқорлардың онлайн қолжетімділігін қамтамасыз ету, экономиканың шикізаттық емес салаларында орта кәсіпкерліктің көшбасшылары қолдауға бағытталған ұлттық чемпиондар бастамасы іске асыру көзделіп отыр.

Еліміздің басты байлығы жерді тиімді кәдеге жаратудың соны жолдарына үміт артылған. Бұл бағытта бүгінде арнайы жұмыс тобы тер төгуде. Түйінін тарқатуды қажет ететін қолбайлау мәселелері нысанаға алынған. Әуелі жер қорларының мақсатты түрде қолданылмауы аяққа тұсау салады. Екіншіден, еліміздің жері ұлан-ғайыр болғанымен, кәсібін дөңгелетуге ниеттенген шаруалар жерді алуда әбігерге түседі. Бірақ бір қызығы, бос учаске жоқ іспетті, тек  игерілмей, «кезегін» күткен жер телімдері бар. Олардың түйінін тарқату үшін  әкімшілік бақылауды күшейтіп, Жер кодексіне және Үкіметтің бірқатар ережелеріне тиісті өзгерістер енгізуі қажет.  Еліміздің байлығын тиімді кәдеге жаратудың нормативтеріне де иек артылмақ. Өзгелердің тәжірибесі сын тезіне алынады.

– Қытайда бір шаруаның алған өнімі басқаларға қарағанда төмен болса, Үкімет жер учаскесін оны тиімді пайдаланған диқанға тапсыра­ды. Біз де осы жолға көшуіміз қажет. Дақылдың өнімділігі тым аз болса, сол шаруаға қатысты тиісті шаралар қолданылуы тиіс, – деп мәселенің мәнісін Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков баяндады.

Жерге деген жауапкершілік артуы тиіс

Бірқ атар мемлекет терде жерге жеке меншік институ­ты атымен жоқ. Учаске та­уар өндірушілерге тек ұзақ мерзімге жалға беріледі. Оған сәйкес шаруаларға иелік ету құқығы бұйырады. Олар жерді мұраға қалдырып, кепілдікке қоя алады, өзге жерді пайда­ланушылармен бірігуге жол ашық. Бұл ретте билік органда­рына жүгінудің қажеті жоқ. Ал біздегі ахуал әзірге кереғар. Министрдің пікірі осыған саяды.

– Әкімшілік бақ ылауды күшейтумен қ атар кейбір заңдарға жеңілдетуді қара- стыратын өзгерістерді енгізу қажет. Себебі бүгінде фермер жерді жекеменшік иелігіне са­тып алу, кепілдікке беру және бірлескен кәсіпорын құру үшін ауылдық округтің неме­се ауданның әкіміне жүгінуге мәжбүр. Барлық шешім биліктің құзырына берілген. Бұл өз кезегінде жерге селқос, бей- жай қарауға әкеліп соғады. Шаруаларды инвестиция салып, тыңайтқыштарды қолдануға, топырақты құнарландыруға ын­таландырмайды. Сонымен қатар бұл жемқорлық көріністерінің туындауына әкеліп соғатын қосымша әкімшілік кедергі. Сондықтан тиісті заңдарға өзгерістер енгізуді қажет етеді. Оның арқасында жер қорын тиімді түрде кәдеге жаратып, оның құнарлығын келешек ұрпақ үшін де сақтай алмақпыз, – деп түйді ведомство басшысы.

Мемлекет пен жеке кәсіп-керлік арасындағы жерді жалға беру және алу жүйесін сақтау қажеттігі, оның мерзімі қ андай болуы тиіс, жалға беруші мен жалға алушының арасындағы қ арым-қ атынас іспетті мәселелердің түйіні тар- қатылмақ. Өз көзқ арасын бүкпеген еліміздің бас аграрийі жерді жалға алу жүйесі жалғасқанын құптайды. Ведомство шаруаға жерді сатып алудың құқығы бұйыруы қажет екендігіне шек келтірмейді. Оған сәйкес жерді пайдаланушы немесе жалға алушы оны өз меншігіне айналдыруға талпынса, мүмкіндік берілуі тиіс.Әзірге нақты шешім жоқ. Мәселені жұмыс тобы пысықтауда. Ал олардың қорытындысы ұлттық комиссия деңгейінде бекітілмек. Нәтижесінде өзгерістер негізгі құжат Жер кодексіне енгізіледі деп күтілуде. Оның нақты мерзімі негізгі мазмұндық жайттар шешілгеннен кейін айқындалады.

Анығы, жер қатынас – тарындағы реформалар арқасында шаруаны жердің қожайыны ретінде сезіміне бөлеп, жауапкершілік жүгін арт­тыру көзделген. Ұлттық қордың берекелігі мен құнарлығын көздің қарашығындай сақтау үшін оны тиімді пайдалану керек.

Венера Мұстафина

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы