Тәтті түбірдің болашағы бұлыңғыр
1990 жылары еліміздегі қант қызылшасының алқаптары 43 мың гектарды құраса, биыл бар-жоғы 2 мың га тәтті түбір тұқымы сіңірілген. Шикізат еліміздің табиғи жағдайына байланысты 2 облыста ғана өндіріледі. Дегенмен мамандар 2020 жылға дейін қант өндірісіне қан жүгіртіп, жан бітіруге бекініп отыр.
Егер көрсеткіш 7 есе еселенсе, 120 мың тонна қант өндірілмек. Бұл ел сұранысының ¼ бөлігін құрайды деп жоспарланған. Оған ендірілетін мемлекеттік қолдаудың тың тетіктері сеп болатынына шенеуніктер үміт артып отыр. Тек маңдай термен жинаған өнімдерін өткізе алмай әбігерге түскен шаруалардың сағы сынып, дақылдың бұл түріне қол сілтегендер аз емес екен.
Қызығын тек қант жегенде білерсің
Жамбыл облысындағы «Бірлік 2» шаруашылығы 5 жыл бойы тәтті тамыр жемістінің қызығы мен шыжығына кенеліп, нәпақасын айырған. Тек қолда еш техника жоқ, бар шаруа қол күшіне артылады. Өткізу нарығының да қалыптаспауы кәсіпкерді әбден әлекке салған көрінеді.
– Төккен теріміз ақталмайды. Өнімді арзан бағамен саудалауға мәжбүрміз. Қ ант зауыт тары да қ ұ былып, қызылшаның құнын төмендетеді. Сондық тан өткен жылы жиған- тергеніміз қолында малы бар ауылдастарыма бұйырды. Бейнетімнің зейнетін татпасам, дақылдың бұл түрін өсіріп қайтемін? Биыл оның орнына көкөніс өнімдерін ектім. Жем-шөп дақылдарының да қыр-сырын меңгеруге кірістім – деп өз қынжылысын «Бірлік 2» шаруашылығының жетекшісі Ахмет Абдуллаев білдірді.
Биыл «Бірлік 2» шаруа қожалығымен қатар «Бахар» өкілдері де қант қызылшасынан қол үзген. Соңғы тарап өткен жылы алғаш рет тәуекелге бел буып, 21 га алқапқа тәтті түбірді еккен. Дақылдың бұл түрі жайқалып өскенімен, оны өткізуге келгенде маңдайлары тасқа тиді. «Өткен жылы шикізаттың тоннасы үшін 11,9 мың теңге уәде етілді. Түптің түбінде 8 мың теңгеден өткізуге тура келді. Биыл сатып алу бағасы кеш жарияланып, қант қызылшасының орнына жүгеріні егуге тура келді. Келесі жылы тәтті түбірге қайта бет бұру жоспарда бар», – деп жанын тілгілеген мәселені шаруа қожалығының жетекшісі Шахрух Хасанбаев ортаға салды.
Үміттен гөрі күдік көп
Осы күнге дейін қант зауыттары қант қызылшасының бағасын алдын-ала жариялап, кейін оны мың құбылтып, шаруалардың қытығына біраз тиген-ді. Күзгі жиын-терім аяқталысымен, бір тонна өнім үшін 6-8 мың теңге ұсынылған. Кыл аяғы билік қ ұрған өндіріс ошақтарының өкілдері ақшалай есептен бас тартып, өнімін тапсырғандар құмшекерге қарық болды.
Өткен жылы бейқамдық танытқан шенеуніктер биыл баға с а яс атына ара ласуды жөн көріпті. Енді зауыттар үстемдік құрмайды. Қант қызылшасын өсіруге бет бұрғандар өнімнің құнын алдын-ала біліп, белгіленген бағамен өткізе алатындарына сенімді болмақ. Тың бағдарламаға с әйкес биыл ғ ы ж ыл дан бастап тәтті тамыр жемістіні сатып алу бағасы кепілдендіріледі. Бұл бағытта атқарушы билік пен зауыттар меморандумға қол қойған.
– Бар гәп қант зауыттарының қант қызылшасы үшін жоғары баға ұсына алмауына тіреледі. Салдарынан шаруалар кіріске кенеле алмай, алқаптарды ұлғайту қолбайлау мәселеге айналған. «Агробизнес – 2020» бағдарламасы бойынша қант қызылшасын сатып алу шығындарын демеуқаржыландыру тетігі ендірілді. Оған сәйкес биыл тәтті түбірдің 1 тоннасы 13 мың теңгеге сатып алынбақ. Шикізатты қабылдайтын қант зауыттары шаруаларға тек 6 мың теңге төлеуге ғана қауқарлы болғандықтан, 7 мың теңгені мемлекет демеуқаржыландырады. Осылайша мемлекет қ ант қызылшас ының өзіндік құнын ескеріп, қайта өңдейтін зауыттарға қолғабыс етпек. Шаруалар да алқаптарды ұлғайтуға құлықты болмақ. Мақұлданған меморандум екі тараптың да мүддесін ескереді, – деп мәселенің жай-жапсарын ҚР АШМ өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қ ауіпсіз дік департаментінің бас сарапшысы Асқар Оспан жіпке тізді.
Сөздің шыны, саланың күйі көңілге кірбің ұялатады. Қант қызылшасының отандық элиталық тұқымынан қағажу көріп отырмыз. Шаруалардың пайымдауынша, кез-келген дақылдың түрін өсіру үшін сапалы дән қолда болғаны ләзім. Ал тұқымға қарық бола алмағандар, өзге мемлекеттерге ат арылтады. Капсула түріндегі шетелдік дән зиянкестерден қорғалған. Тек оған көптің қалтасы шыдас бермейтін көрінеді. Алтынға пара-пар тәтті түбір
Шаруалардың дені қант қызылшасынан бас тартып, кірісі қомақты дақылдарды өсіруге бет алды. Оның ішінде соя, жүгері бар. Салдарынан соңғы 2 жылда тамыр жемістінің алқабы күрт төмендеген. Өткен жылы тұқым 4,9 мың га учаскеге сіңірілсе, биыл оның тек жартысы ғана игерілген. Ел бойынша бар-жоғы 2 мың га тәтті түбір егілген. Оның 1,3 мың га Алматы облысына, 0,7 га Жамбыл өңіріне тиесілі. Гектар берекелігі 23-24 мың тоннадан айналады деп күтіліп отыр.
Мамандардың сөзіне сүйенсек, бір тонна шикізаттан бар-жоғы 120 келі қант алынады. Жоспар бойынша биылғы тәтті түбірден 5,4 мың тонна дайын қант бұйырмақ. Шикізат Жам бы л о блыс ын д а ғ ы з ау ыт та өндіріледі, себебі Алматы өңіріндегі оң деу ошағы тек қант құрағымен жұмыс істейді.
2013 жылдың мәліметіне жүгінсек, қазақстандықтар 367 мың тонна қантты тұтынған. Оның ішінде 17 мың тоннасы қант қызылшасының еншісінде. 169 мың тоннасын еліміздегі қос зауыт қант құрағынан өндірген. Сырттан тасымалданатын қанттың үлесі 180 мың тоннаны құрап отыр. Оның 90 пайызы Белоруссия, Ресей, Украинаға тиесілі. Польшадан да елімізге «айрықша» қант жеткізіледі.
– «Агробизнес-2020» бағдарламасына салмақ салынды. Егер бағдарлама тиісінше жүзеге асырылса, онда қант қызылшасының алқаптары да ұлаятынына сенімділік бар. Келесі жылдың өзінде елімізде өсірілетін тәтті түбірден өндірілетін қанттың көлемін 50 мыңнан астам тоннаға жеткізу жоспарланған. Белгіленген меже күрделі, – деп мойындады Асқар Оспан.
Атқамінерлер агрөнеркә- сіптік кешенді өркендетуге бағытталған бағдарлама салаға соны серпіліс әкеле- тініне үміт артып отыр.
Венера Мұстафина