Қазақстандық сиыр етін Иранға тасымалдау бойынша талаптар келісілді

2018 жылдың 28 наурызында Тегеран қаласында (Иран Ислам Республикасы) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Вице-министрі Исаева Г.С. басшылық еткен делегацияның Иран ветеринарлық ұйымымен ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жеткізу мәселелері бойынша екіжақты кездесуі өтті, деп ҚР АШМ Қоғаммен байланыс департаменті.

Осы кездесу екі елдің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен қайта өңдеушілері арасындағы өзара қызығушылығына байланысты ветеринарлық ұйымдардың алдын ала жұмыстарының нәтижесі болып табылады.

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Келіссөз нәтижесі бойынша экспорттың ветеринарлық талаптары келісілді. Қазақстан Республикасында өндірілген құс жұмыртқасы Иранга тек Иран Ислам Республикасының таллаптарына сай белгіленген (әр жұмыртқада өндірілген күні, оралған күні, жарамдылық мерзімі, өндіруші көрсетіледі) жағдайда ғана жеткізілетін болады.

Малды арнайы бордақылау арқылы алынған Қазақстандық мал еті халықаралық талаптарға сәйкес 5-6 күн бойы сақталатын болады, бұл өз кезегінде иран нарығында сұранысқа ие болуға әкеледі.

Экспорттық тасымалды ағымдағы жылдың сәуірінен бастау жоспарланып отыр.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы