Қазақстанда жаңа жылыжай кешені іске қосылады

Қазақстанда өнеркәсіп түріндегі кезекті жылыжай кешенін іске қосу жоспарланды. Ақтөбе облысында 9,5 га алаңда «Greenhouse Kazakhstan» ЖШС жылыжай кешенінің құрылысын аяқтады. Биылғы жылдың сәуір айында ресми түрде пайдалануға беру көзделген нысан, «ҚазАгро» ұлттық холдингінің желісі бойынша қаржыландырылған ірі жобалардың қатарына кіреді. Кешеннің жалпы құны – 4,9 млрд. теңге, оның 3,4 млрд. теңгесі инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде Холдингтің құрылымындағы «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландырылды.

Қуаттылығы жылына 5700 тоннаға дейінгі өнім шығаратын жобаны іске асыру аймақта жаңа жұмыс орындарын құруға ықпалын тигізеді, еңбек өнімділігін арттырады, сондай-ақ республиканың ішкі нарығында өзі өндіретін бәсекеге қабілетті жеміс-көкөніс өнімінің үлесін ұлғайтады.

teplichnyi-kompleks

Бүгінгі таңда, негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Жобаның шеңберінде кешеннің және барлық қажет металл конструкциясы құрастырылған, 100 000 ш.м. астам әйнек орналастырылған, электр кабельдері мен құбырлар жүргізілген және басқа жұмыстар жасалған.

Бүгінгі күні «ҚазАгро» ұлттық компаниясы тобымен жылыжай құру бойынша жалпы құны шамамен 47 млрд.теңгенің 41 жобасы қаржыландырылғанын атап өту керек. Оның жалпы алаңы 119 га және өндірістік қуаты 47 мың тонна болатын 36 жылыжайы іске қосылды. Бұл нысандарды іске қосу барысында 1464 жұмыс орны құрылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы