Ірі инвесторлар табыс салығынан босатылды
1 қаңтардан бастап заңды күшіне енген Салық кодексі шеңберінде инвесторларға бірқатар жеңілдік жасалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Инвестициялар және даму министрлігіне сілтеме жасап.
Инвестициялық климатты жақсарту мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үш жыл мерзімге дейін корпоративтік табыс салығынан босатылды. Аталған жеңілдік 5 млн АЕК (12,025 млрд теңге) көлемінде инвестиция жасағандарға ғана қатысты.
Мұнымен қатар, аталған жеңілдікке қол жеткізу үшін өткізілуі тиіс құжаттар тізіміне де өзгерістер енгізілді. Енді құрылыс-монтаж жұмыстарының бағасы және материал, шикізат немесе активтерге қанша ақша кететіні жазылған құжатты көрсетудің қажеті жоқ.
Естеріңізге сала кетсек, Елбасы 2017 жылдың желтоқсан айында жаңа Салық кодексіне қол қойған еді. Аталған заң 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.