•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 642

    Фермерлер аң-таң болуда – жеңілдік отынның құны өсіп кетті

    Жеңілдік солярканың бір тоннасы 156 000 теңгеге түсуі тиіс болатын, алайда егін науқанымен қатар бағалар да өсіп кетті.

     

    Бүгін дизельдік отын құны сәуір-мамыр айларында бір тонна үшін 161 000 теңге деңгейінде орнатылды, яғни 5000 теңгеге қымбат. Белгіленген жаңа бағалар жайлы өңірлерге Қанат Бозымбаевтың ведомствосынан оның орынбасарының қолы қойылған телефонхатпен жеткізілді. Және де бұл баға түпкілікті емес – шенеуніктер солярканың құны «нарық конъектурасына» байланысты әлі де артуы мүмкін деп отыр, деп top-news.kz сайтты.

    Бұдан басқа, фермерлерді Шымкент мұнайды қайта өңдеу зауыты жөндеуге тоқтатылатындығы туралы жаңалық та таң қалдырды. Егін егу уақытында жетіспейтін 60-70 мың тонна отын көлемі Ресейден әкелінетін болады, ал ресей отыны қымбат. Бағаның өсу себебінің бірі ретінде осыны түсіндіруге тырысады. Ауыл шаруашылық министрлігінің шенеунігі мәселе осындай, егер сіздерге ұнамаса, біз ештеңе де істей алмаймыз деп отыр, өйткені МҚӨЗ олардың жұмыс теліміне жатпайды дейді.

    Фото: ©Zonc_Photos / pixabay.com

    Фото: ©Zonc_Photos / pixabay.com

    — Біз ауыл шаруашылық министрлігіне жүгіндік, ҚР Парламентінің депутаттарына жүгіндік, «Нұр-Отан» партиясының жергілікті филиалдарына да жүгіндік, Энергетика министрлігіне хат дайындадық. Бұл қолдау емес, фермерлерді келемеж ету. Біз әлі де мемлекеттік қолдау тетіктерінің қандай да бір ұзақ мерзімді, болмаса тіпті орта мерзімді жүйелігінен, таяудағы 3-5 жылға ойластырылған саясаттан үміттенеміз. Бірақ іс жүзінде ешнәрсеге сенуден қалдық. Белгісіздік – аграршыларды ғана емес, кез келген бизнесті үрейлендіреді. Айналамыздағының бәрі қымбаттауда, соның салдарынан өнімнің өзіндік құны да өсуде, — деп санайды Қазақстан фермерлер одағының төрағасы Әуезхан Дарынов.

    Еліміздің бас фермерінің айтуынша, химияның, электр энергиясының, жанар-жағармайдың қымбаттауы, ауыл шаруашылық техникасын сатып алу және қызмет көрсету бағаларының өсуі, қымбат несие салдарынан ауыл шаруашылық өнімінің рентабельдігі өсімдік шаруашылығында да, мал шаруашылығында да жылдан жылға төменге құлдырап келеді.

    Мысалға, «2010-2014 жылдардағы Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі астық нарығын шолуда»Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Агроөнеркәсіптік саясат департаменің сарапшы-авторлары мынадай фактілерді келтіреді:

    «2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 1 га егіндікке жұмсалатын шығындар 30,7 пайызға артты. Бұл ретте, материалдарға (39,1%) және негізгі құралдарға (33%) жұмсалатын шығындар айтарлықтай өсті». Бұл шолуда, атап айтқанда өсімдіктерді химиялық қорғау құралдарының құны бір жыл ішінде 70%-ға, тыңайтқыштар – 50%-ға, тұқым –15%-ға, отын – 11%-ға, егістік/астық қырманы арасында тасымалдау бойынша шығындар – 38%-ға, негізгі құралдарды жөндеу және күту шығындары, жалпы айтқанда ауыл шаруашылық техникасы  – 46%-ға және т.б. қымбаттағандығы жайлы айтыталды. Бұл ретте, талдау Ставропольский өлкесі мен Ростовская облысы шаруашылықтарының негізінде жасалды дейді ҚФО. Яғни, қазақстан фермерлері технологиялық тұрғыда еуропалық немесе америкалық аграршыларды айтпағанның өзінде, тіпті өздерінің Ресей және Белоруссиядағы әріптестерінен де қалыс қалғандығын ескеру қажет. Яғни, отандық фермерлер үшін өнім өндірісінің өзіндік құнының қымбаттауы рентабельдікке күштірек әсер етеді.

    — Қазақстан фермерлер одағы кез келген өңір бойынша өндірістің өзіндік құнының есептерін тапсыруға дайын. Жуырда ғана біз үш астық себуші өңір – Ақмола, Солтүстік-Қазақстан және Қостанай облыстары бойынша осындай есептер жасадық. Егер 2015 жылы солярка бағасы бір литр үшін 84, 89 және сәйкесінше 91 теңге болса, бүгін аталмыш өңірлерде отын бағасы – 150, 151 және сәйкесінше 152 теңгені құрайды. Көріп отырғанымыздай, өсім Ақмола облысында 78%, СҚО – 69% және Қостанай облысында 67%-ды құрайды. Бірақ бұл есептер екі күн бұрын жасалған болатын. Қазір біз жаңа баға бойынша есеп жасауға тиіспіз. Яғни, қымбаттаумен байланысты өзіндік құны да артады. Біз мұның бәрін көрсетуге де, құжат жүзінде дәлелдеуге де дайынбыз, ал МҚӨЗ мен операторлардың калькуляциясы қайда? Мемлекет пен қоғам олардың жалаң сөзіне неге сенуі тиіс?, — деген сұрақ мазалайды Әуезхан Дарыновты.

    Және де ҚФО айтуынша, қиындықтар тек шағын немесе орта шаруа қожалықтарына ғана емес, ірі тұрақты кәсіпорындарға да әсер етіп отыр. Мәселен, екі апта бұрын – 28 наурызда Қостанайдағы аграршылар жиналысында ҚР Еңбек ері, еліміздің сыйлы азаматы, өндіріс қайраткері Сайран Балкенұлы Буканов – «Қарқын» ЖШС директоры былай деп жеткізді:

    — Шынын айтсақ, жеңілдіктің бүгінгі таңда қосары аз, тіпті оның болмағаны артық.   Жанармайдың қымбаттау қарқынының жылдамдығы соншалықты, мемлекет 10-15 теңгеге емес, дизельдік отынның кез келген құнының 30%-ын субсидияласа ғана жеңілдік мардымды бола алады. Бұл өнімнің өз құнын төмендету үшін де, жаңа технологиялар енгізу үшін де жақсы болушы еді.

    Аграршылардың есептері бойынша, отынға шығыстар оның өзіндік құнының 20-дан 30-ға дейінгі пайызын құрайды, сондықтан жанар-жағармай құнының кез келген өсімі әсер етеді. Жеңілдік отынға қатысты өз ойлары мен есептерін беделді фермер вице-министр, ауыл шаруашылық министрі Өмірзақ Шөкеевтің атына жіберіп те үлгерді.

    Ауыл шаруашылығында тағы бір ҚР Еңбек ері бар, оны бәрі білетін шығар – бұл «Алтынсарино» ЖШС директоры Борис Павлович Князев. Желтоқсан айында Қостанай қаласында Қазақстан фермерлер одағының есептік кездесуіне қатысуында ол жанар-жағармайға бағалардың үнемі өсетіні жайлы сөз қозғаған болатын.

    — Бұл менің әлі қарапайым және ұқыпты есебім. Сондықтан, егер үкіметте бүгін шаруа қожалықтарына жанармайды қандай баға бойынша беруді дұрысырақ ойластырмаса, көктемде ахуал өте нашар болады. Мен асыра айтып отырған жоқпын, — дейді Борис Павлович.

    Оның айтуынша, 100 мың тонна астық сатудан кәсіпорынға 4 млрд теңге түсім түседі. Шаруашылыққа 6 мың тонна жанармай, сондай-ақ май, солидол қажет. Бұған электр энергиясына жұмсалатын шығындарды қосамыз, барлық энергия таратушылардың шығыны ең төмен есептер бойынша – 1,5 млрд теңгені құрайды. Тағы 1 млрд теңге –  «Алтынсарино» ЖШС жұмыскерлерінің – 750 адамның еңбекақысына жұмсалады. Тағы 1 млрд. теңгеге жуық қаражат артық бөлшектер сатып алуға жұмсалады. Бір ғана «бюллеров» баллоны шамамен 500 мың теңге тұрады. Оған қоса салықтар — 560-580 млн-ға жуық теңгені құрайды. Нәтижесінде, бизнесті дамытуға ешқандай қаражат қалмайды да.

    — Мысалға Павлодар МҚӨЗ алалық, ол сәуір-мамыр айларында нарыққа 137 000 тонна отын жеткізуі тиіс. Бағалардың 5 мың теңгеге артқандығын ескерсек, зауыт қосымша 685 миллион теңге түсім алады. Болмаса бұл маржа операторларға кетеді ме? Яғни, біз тұтынушы ретінде құнның неден құралғандығын көріп отырған жоқпыз. Адамдар еш салым салмастан, оп-оңай 685 миллион теңге пайда табады екен, ал оны төлеуге – фермерлер мәжбүр болады. Біз өзіндік құнның есептерін талқылауға, ұсынуға және оларды құжат жүзінде растауға дайынбыз,  бірақ операторлар мен зауыттардың тарапынан да отын бағасының артуына қатысты осыған ұқсас есептер мен негіздемелер көргіміз келеді, — дейді Қарағанды облысы Осакаровский ауданы бойынша ҚФО өкілі Ерлан Оспанов.

    ҚФО мемлекет тарапынан қандай да бір жүйелі тәсіл қолданылуы тиіс дейді. Біріншіден, жақын арадағы 3-5 жылда бір рет егін егу және егін жинау науқандарында жанар-жағармайдың нарықтың құнының тым болмаса 20%-ын субсидиялау туралы шешім қабылдау қажет. Екіншіден, жеңілдік отын көлемдерін тым болмаса 500 мың тоннаға ұлғайтып, қайта қарастыру қажет, өйткені егістіктерде көптеген заманауи технологиялық операциялар отынға қатысты айтарлықтай шығынды көп талап етеді. Мәселен, жемшөп дақылдарын өсіру үшін ЖЖМ шығындары анағұрлым жоғары. Сонымен қатар, есептер жүргізу барысында егін алқаптарының қашықтықтарының әртүрлілігі ескерілмейді. Үшіншіден, фермерлер зауыттар мен операторлар тарапынан ақпарат ұсынуда отын құнына нақты не кіретіндігін және бағалардың жыл сайынғы өсімі немен түсіндірілетіндігін айқын көрсетуді талап етеді, өйткені ҚФО бағаның өсімі үшін қандай да бір экономикалық алғышарттардың жоқтығына сенімді. Доллардың теңгеге қатынасымен қоса, мұнайдың құнында да айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Ресейдің бағалармен теңестіру қажеттілігі жөнінде айту – бұл орынсыз нәрсе, өйткені Қазақстан – егеменді мемлекет, ол жалпы экономикалық кеңістікке қарамастан, ел ішіндегі аграрлық саясатты, оның ішінде мемлекеттік қолдау тетіктерін өздігінен белгілеуі тиіс. Оған қоса, Ресей экономикасы мен Қазақстан экономикасы өз өлшемдері мен мүмкіндіктері бойынша салыстыруға келмейді.

    Опубликовано 11.04.2018

    ЧИТАТЬ ЕЩЁ...

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Если бы вы, как наёмный работник в сельском хозяйстве, могли работать более производительно, то что необходимо для этого сделать?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      -10°
      -11°
      Вс
      -12°
      Пн
      -9°
      Вт
      -15°
      Ср
      -17°
      Чт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian