Басымдық инновациялық білімге беріледі

Ауыл шаруашылығы саласындағы жаңашылдықтарды меңгерту үшін отандық тауар өндірушілер үшін арнайы семинарлар ұйымдастырылады. Биыл дәрістердің мазмұны мен бағыты өзгеріске ұшыраған.

Елімізде ауылшаруашылық тауар өндірушілерді жаңа білім­мен қаруландыруға баса назар аударылады. Бұл бағытта 2006 жылдан бері мемлекеттік бағдар­лама өмірге жолдама алған. Биыл ауылшаруашылық құрылымдар­ды оқыту жүгі Ұлттық кәсіпке­рлер палатасына жүктелді.

obuchenie-predprinimatelei-5

– Елімізде агроөнеркәсіп­тік кешенде өнім өндірумен 2017 шаруашылық айналысады. Бірақ көбіне кәсіпті дөңгелетуге мамандардың кәсіби деңгейінің төмендігі немесе мүлде жоқтығы кедергі келтіреді. Бұл бағытта ауыл шаруашылығы саласын­дағы ғылыми-зерттеу институт­тарының нәтижелі және озық зерттемелері жеткілікті екенді­гін ескеру қажет. Оларды қол­данысқа енгізу арқылы өнім өндіруді дамытуға жол ашылады. Тек бүгінде аталмыш зертте­улер тәжірибелік түрде шару­ашылықтарда кәдеге асырыл­майды. Себебі ғылыми-зерт­теу институттары мен шару­ашылықтардың арасындағы байланыс сылбыр, – деп мәсе­ленің мән-жайын «Атамекен» ҰКП АӨК және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Дін­мұхамет Абсаттаров жіпке тізді.

Биыл Агробіліктілік орталығы құрылғаны мәлім. Оның қатарын­да 50-ге жуық отандық және шетелдік сарапшылар тер төге­ді. Дәріс тақырыптары отандық тауар өндірушілердің талап-ті­лектері мен ұсыныстарына сәй­кес таңдалған. Барлық оқыту шаралары кеңселерде емес, нақты шаруа қожалықтарында ұйымдастырылады. Табыстың кілтін меңгерген диқандар мен фермелер өздерінің сырларын ашып, тәжірибелерімен бөлі­седі. Жыл басынан бері меже­ленген 660 семинардың 400- ге жуығы жергілікті деңгейлер­де ұйымдастырылған. Дәрістер­ді 6 мың тыңдап, білім көкжиегін кеңейтті. Бірінші кезекте инно­вацияларды және жаңа техно­логияларды меңгерту оң жолға қойылған.

– 2016 жылы «Extension» бағ­дарламасы енгізіліп, негізге алынды. Бұл тек білім беру ғана емес, кері байланысты орна­тудың жолы. Оған сәйкес теория мен тәжірибе ұштастырылады. Жергілікті мамандар теори­ялық білім алып, күннің екін­ші жартысында біліп-түйгенде­рін шаруашылықтарда тексеру­ге мүмкіндік алады. 1-2 күн ішін­де фермерлерді мазалайтын басты сұрақтарға жауап бері­леді. Экономикалық тиімділік, нақты бағыттар бойынша мем­лекеттік қолдау тетіктерін түсін­діруге баса назар аударылған. Ал ауыл шаруашылығындағы коопе­рациясы бойынша АҚШ, Австра­лия, Франция, Германия іспетті елдерден 25 шетелдік сарапшы тартылған. Олар біздің тауар өндірушілерге кеңес береді, – деп жұмыс барысын Агробілік­тілік орталығының директоры Төлеутай Рақымбеков өз ой еле­гінен өткізді.

3 айдан бері Call-орталық қызмет көрсетеді. Оған бүгін­де тәулігіне 10-12 адам жүгіне­тін көрінеді. Шаруалардың дені мемлекеттік қолдау және техно­логиялық мәселелер бойынша қоңырау шалады

Венера Мұстафина

Также читайте:

На обучение фермеров Казахстана выделили миллиард тенге

Развитие АПК требует постоянного обучения фермеров

Центр агрокомпетенций учит казахстанских фермеров передовым технологиям

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каких специалистов не хватает на вашем сельхозпредприятии?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы