Бақытжан Сағынтаев Алматы облысында «Нам Г.Н.» шаруашылығына барып, АӨК мембағдарламасының жүзеге асырылуымен танысты

Облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров облыстағы АӨК дамыту және қант қызылшасын, суармалы егіншілікті дамыту бойынша, сонымен қатар сервистік-дайындау цехтарын құру бойынша қолға алынып жатқан шаралар туралы баяндады.

oroshaemye-zemli-3

«Нам Г. Н.» шаруа қожалығының үлгісінде Бақытжан Сағынтаевқа суармалы егіншілікте жаңа технологиялардың қолданылуы туралы әңгімелеп берді. Бұл шаруашылықтағы суармалы жер көлемі 75 га, оның ішінде 25 га жерде қант қызылшасы 30 га – картоп өсіріледі, қалған жерлерге соя және күздік бидай егіледі. 20 жуық жұмыс орындары құрылған.

Аймақта алғаш рет 10 га қызылша өсіру аумағында тамшылатып суарудың израильдік технологиясы эксперимент түрінде қолға алынады. Диқаншылар осылайша қызылша түсімінің артуына қол жеткізеді, ол аталған шаруашылықта аймақ бойынша орташа деңгейден жоғары және жылына 600 центнерді құрайды.

Алматы облысында қант қызылшасын өңдейтін Жетісудағы аса ірі Ақсу зауыты іске қосылған. 2017 жылы аймақта қант қызылшасы егілетін аумақты 9 мың га дейін арттырып, 30 мың тонна қант алу жоспарланып отыр. Бұл облыс халқын 84%-ға өз қантымен қамтамасыз етуге және импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді, бұл 2017-2020 жылдарға арналған АӨК дамытудың мемлектетік бағдарламасының міндеттеріне сай келеді.

Дерек көзі: primeminister.kz

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы